Алматыда өтетін қысқы Универсиада ойындарына арналған Қазақстан құрамасының киім үлгісі анықталды. Байқау комиссиясы қарашаның 15-і мен 20-сы аралығында түскен жұмыстарды қарады. Спорт шарасына арналған қазақстандық спортшылардың киімі бірнеше жиынтықтан тұрады. Оның ішінде жаттығуға арналған киім, кеудеше, жеңіл және жылы жинақтары бар. Айта кетейік, қысқы Универсиада келесі жылғы қаңтардың 29-ынан ақпанның 8-і аралығында Алатау баурайында өтеді. Спорттың 12 түрінен 8 нысанда жарыс ұйымдастырылады. Дүбірлі додада 86 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. 

 

Данияр ТЕБАЕВ, ЖАБДЫҚТАУШЫ КОМПАНИЯНЫҢ ӨКІЛІ:

250 жиынтық киім тігеміз. Матасының сапасы барлық талапқа сай, аязға төзімді болады. Жеңімпаздың киім үлгісінде көк, көкшіл және ақ түстер бар.