Арнайы жобалар

Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүріп жатқан диаспоралардың өмірі туралы бағдарлама. 15 минут ішінде бір ұлттың немесе ұлыстың Қазақстанға қоныс аудару тарихын, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті және бүгінгі тұрмыс-тіршілігі туралы біле аласыздар.

 

 

 

 

 

MODERN NOMADS

 

 

«Modern Nomads» ата жұртты аңсап жеткен ағайын жайлы бағдарлама. Ұлы нәубеттен бас сауғалап, тарыдай шашырап  әлемнің әр тарабынан қоныс тапқан қазақтар. Ел егемендік алған соң, атажұртқа қайта оралып, істі дөңгелетіп, төл өнерді өрнектеген оралмандар жайлы сыр.

 

 

 
 
 

Астанада 2017 жылы өткізілетін бүкіләлемді EXPO көрмесінің жаңалықтары туралы апталық шолу. Бағдарлама көрермендерге айтулы шараның мән-мағынасы, оған мемлекеттің дайындығы және қатысушылары, сонымен қатар, «EXPO 2017-нің басты тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» туралы баяндайды. 

 

 

 
 
 

Отанымыздың тарихында барлығына жақсы таныс болмаса да, халықтың ерекше қызығушылығын тудырып отырған, таң қаларлық деректер аз емес. Бағдарлама мақсаты – өткен күндердің беймәлім тұстарын тауып, егжей-тегжейлі зерттеп, көрерменге жеткізу.