Ережелер

18.03.2013 16:32
«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқармасының
2010 жылдың 8 қыркүйегіндегі
шешімімен бекітілген

 

1. Жалпы ережелер

 

www.kazakh-tv.kz сайтын пайдалану ережелері (ары қарай – Ережелер) www.kazakh-tv.kz (ары қарай – Сайт) сайтын қолдануды, оның ақпараттық толығуын, бағдарламалық қамсыздандырылуы мен Сайтта жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын қызметтерді реттейді.

 

Сайт материалдарын жеке немесе заңды тұлғалардың қолдануы (ары қарай – Қолданушы) Қолданушының Ережемен келісетіндігін, «Хабар» Агенттігінің» (ары қарай – Қоғам) оны толықтыру, ақпаратты орналастыру бойынша жүргізетін жұмысты танылуы мен қабылдайтындығын білдіреді.

 

Қолданушы барлық қызметтер «сол күйінде» беріліп, Сайт Басқарушысы түрлі кешігулер, істен шығу және кез келген қолданушылық жеке ақпараттың дұрыс емес немесе дер кезінде жетпегендігі, жойылуы немесе сақталмауына жауап бермейтіндігімен келіседі. Желіге қол жеткізу құқығы, ол үшін тиісті құрал-жабдықтар мен программалық өнімдерді сатып алу мен реттеу мәселелерін Қолданушы өздігінше шешіп, олар Келісімнің тікелей қызметіне енбейді.

 

Сайттың кез келген бөлімі және/ немесе бөлімшесінің Сайттың нақты бөлімінің және/ немесе бөлімшесінің жұмысын реттейтін қосымша (жергілікті) ережелері болуы мүмкін. Сайтта мұндай қызметтерді пайдалана отырып Қолданушы осындай ережелерді сақтауға келіседі.

 

Сайтқа, логотиптерге, тауарлық белгілерге, графика элементтеріне, контентке, бағдарламалық қамсыздандыру мен өзге материалдарға меншіктің дербес құқығы Қоғамға тиесілі.

 

Егер Қолданушының өзі де, Қолданушының тарапынан берілген көмек арқылы кез келген өзге тұлғалар бағдарламалық қамсыздандыруды көшірмесе немесе өзгертпесе; бағдарламалық қамсыздандырудан туындаған бағдарламалар жасамаса; бағдарламалық қамсыздандыруға бағдарламалардың кодтарын алуға, сонымен бірге сервисті, соның ішінде оған рұқсатсыз кіру мақсатында модификацияламаса, Қоғам Қолданушыға жеке ерекше және өзгеге берілмейтін бағдарламалық қамсыздандыруды қолдану, сервисте бір компьютерде пайдалану құқығын береді.

 

Қоғамның Ережелерді өзгертуге, толықтыруға құқығы бар. Ережелер бұзылған жағдайда Қоғам Ережелердің талаптарын бұзған Қолданушыларға қарсы Қазақстан Республикасының заңында рұқсат етілетін құралдарды қолдануға құқығы бар.

 

Сайтты басқару мен техникалық қамсыздандырылуын Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Сайттың жұмысын үйлестіру, оның жұмысын қамтамасыз етілуін, толықтырылуын Интернет-бөлім (ары қарай – Сайттың Басқарушысы) қамтамасыз етеді.

 

2. Қоғам мен Қолданушының құқықтары мен міндеттері

 

Қолданушы заңды мақсатта ғана Сайтты қолдануға міндетті. Қолданушының Сайт арқылы кез келген материалдарды ұсынуға немесе беруге немесе:

 

- өзге тұлғалардың құқықтарын бұзатын, бұдан басқа патенттер, сауда маркалары, коммерциялық құпиялар, авторлық құқықтар, жарнамаға немесе өзге де меншік құқықтарын бұзатын;

 

- қарама-қарсы құқықты қорлайтын, жала жабатын, абыройды, адамгершілікті, іскерлік беделге нұқсан келтіретін, адастыратын;

 

- дін, жыныс, сексуалды бағытына, белгілі бір ұйымға мүше болуы, нәсіліне, этникалық шығу тегіне, жасына байланысты кез келген тұлғаны қудалауға, кемсітуге және қорқытуға, ұлтаралық жанжал тудыруға, экстремизмді немесе лаңкестікті насихаттауға және ақтауға, лаңкестікке қарсы операциялар жүргізіліп жатқан уақытта олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотропты заттар мен прекурсорларды, сонымен бірге культ зұлымдық култын, зорлық пен порнографияны насихаттауға бағытталған;

 

- вирустары бар немесе кез келген компьютерлік бағдарламалық қамсыздандырудың, ақпараттық қамсыздандырудың немесе телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың жұмысын тоқтататын, жоятын немесе қызметін шектейтін өзге де компьютерлік кодтар, файлдар немесе бағдарламалар болса;

 

- сайтты қолданудың осы Ережелерін, Сайтта орналастырылған өзге нұсқаулықтарды немесе ережелерді бұзатын;

 

- Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілмеген өзге де әрекеттер сияқты басқалай әрекеттер жасауға құқығы жоқ.

 

Қолданушының хакерлік, парольдерді «бұзу» немесе басқа құралдармен кез келген қызметтерге, компьютерлік жүйелерге немесе желілерге рұқсатсыз енуіне құқығы жоқ.

 

Қолданушы Ережелердің шарттарына сәйкес Сайтты және оның ақпараттарының толысуы тек жеке коммерциялық емес мақсаттарда қолдануғы құқылы.

 

Сайт Басқарушысының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз Қолданушы ақпараттық толысудан ақпарат алу құралдарын пайдалануға, қайта өндіруге, қайта басып шығаруға, көшіруге, сақтауға, ашық көрсетуге, трансляциялауға, беруге, өзгертуге, аударуға, тасымалдауға, жариялауға, сублицензиялауға, беруге, жіберуге, сатуға, қарызға беруге немесе ақпараттық жинақты басқалай бөліп орналастыруға құқылы емес.

 

Сайт қызметін пайдаланудан алынатын контент тек түпдерекке сілтеме жасау арқылы қолданыла алады. Сайт Қолданушысы үшінші тұлғаларлың құқықтарын сыйлауға, Интернет желісінің қарым-қатынас мәдениеті мен этикасын сақтауға міндетті.

 

Қоғам құқылы:

 

- Сайтты пайдалануда кез келген шектеулерді кез келген уақытта және кез келген мерзімге орнатуға;

 

- Ережелер мен шектеулерді кез келген уақытта немесе Қолданушыларға алдын ала ескертпестен өзгертуге;

 

- Сайтқа автоматты айналдыру, сонымен бірге автоматты түрде генерацияланған кез келген ақпаратты қабылдауды тоқтатуға (мысалы, пошталық спам);

 

- Алдын ала ескертусіз Сайттың жұмысын уақытша тоқтатып, Сайттың бағдарламалық-аппараттық кешенінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге.

 

3. Дауларды қарастыру реті

 

Сайтты қолдану бойынша Сайт Қолданушысы мен Басқарушы арасында дау туындайтын болса оларды шешуде Қоғам келесілерді қолданады:

 

- Сайт Басқарушысының әрекеттерінің кесірінен құқықтары мен мүдделері бұзылды деп санайтын Қолданушы kaztv@khabar.kz электронды поштасымен арыз жолдайды;

 

- Сайт Басқарушысы арызды алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде арызда көрсетілген мәселелер бойынша өз позициясын жазып, арызда көрсетілген электронды пошта адресі бойынша Қолданушыға негіздемелер жіберуге міндетті.

 

Қолданушы Сайт Басқырушысының негіздемелерін қабылдамайтын болса, дауды шешу Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген рет бойынша шешіледі.

 

Сайт Басқарушысы анонимді арыздарды немесе өзі жөнінде берген мәліметтері негізінде Қолданушыны анықтауға мүмкіндік бермейтін арыздарды қарастырмайды.

 

4. Жауапкершілік

 

Сайтта хабарларды орналастыруға оларды орналастырған Қолданушы жауапты.

 

Сайт Басқарушысы Сайттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, Қолданушы орналастыратын ақпаратты толық немесе жартылай жойылуына, сонымен бірге қызметті көрсетудің сапасы мен жылдамдығының жеткіліксіздігіне жауап бермейді.

 

Қолданушы Сайтта материалдарды орналастыра отырып, Сайтта өзі орналастырған материалдарға, оларлың мазмұнына жауапкершілікті толық мойнына алуымен келіседі. Материалдарды орныластыруға байланысты үшінші тұлғалардан арыз түскен жағдайда Қолдануша өздігінше және өз ақшасына мұндай арыздарды реттеуге міндетті.

 

Сайт Басқарушысы Қолданушы орналастырған материалдарға үшінші тұлғалардың арыздары туралы ескертуге міндетті. Қолданушы Басқарушыға материалдарды жариялау құқығын беруі немесе материалды жоюы тиіс.

 

Қоғам Қолданушы орналастыратын материалдар мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес болуына жауапты емес.