Қазақстан халқы үшін 2012 жылдан бастап 1 желтоқсан  мерекелік және демалыс күні болды – еліміз осы күні Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күнін атап өтеді. 2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасы мерекелері туралы» ҚР заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Мерекелік күннің  тарихи алғы шарты және бастау алған күні, 1991 жылдың 1 желтоқсаны болды, - тұңғыш бүкілхалықтық таңдау нәтижесінде  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ ССР-ның презіденті тұғырына сайланды.

Тұңғыш президентіміздің алғашқы қадамдарының бірі 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ ССР атауын Қазақстан Республикасына өзгертуі болып табылады. Ал осыдан алты күннен кейін – 1991 жылдың 16 желтоқсанында – Жоғарға кеңес Қазақстанды тәуелсіз деп танытатын, Қазақстанның мемлекеттік егемендігін жария етті.

1991 жылдың 29 тамызында Президент Семей ядролық сынау полигонын жабу туралы Жарлығына қол қойды. Бұл Президенттің егемендік алған тұстағы алғашқы жарлықтарының бірі болды. Тек осыдан кейін әлемнің осыған ұқсас басқа да алаңдары жабыла бастады. Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаев тарихқа ядролық қаруды жою бағытында өз қажырымен әлемді таң қалдырған тұлға ретінде жазылып қалды. 

Қазақстандық ұлтаралық бірлік пен этника аралық төзімділік моделі коптеген елдерге үлгі болуда. Және оның авторы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 

Ұлт басшысының кемеңгер басқаруымен Қазақстан заманауи әлемдік саясатта маңызды қатысушы болып, аймақтық алаңда саяси күш ала түсті. Әлі де жас еліміз 23 жыл ішінде әлемдік аренада  сыртқы саяси субъективтілік пен халықаралық мойындаушылыққа қол жеткізді. Қазақстанға стратегиялық әріптес ретінде шығыс және батыс елдерінің  қызығушылығы біздің саяси және экономикалық жетістігімізге пара-пар өсіп келеді. 

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев азаматтар мен жеке тұлғалардың еркіндігі және құқығын, Конституцияның қорғалуын, Қазақстанның бірлігін қамтамасыз ететін жаңа тәулсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы болып табылады.

Биылғы жылдың 1 желтоқсанында Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионында мыңнан аса адам қатысатын, орасан зор спорттық шоу болады. Қазақстанның Тұңғыш Президентң Күні Астана қаласында спорттық шоудан өзге де мәдени шаралар өтеді. Күләш Байсеитова атындағы опера және балет театырында көптен күткен ұлттық балалар балеті премьерасы болады. Астанадағы ҚР ұлттық мұражайында «Ерен Елбасы — Кемел Көшбасшы» атты көрме өз есігін ашады. Көрме 2014 жылдың 25 қарашасынан 25 желтоқсанына дейін өтеді.