SINGLE MARKET

Қазақстан - өз экономикасын интеграциялауға «мәжбүр» мемлекет. Бұл теңізге тура жолдың жоқтығымен, халық саны мен тығыздығының аздығы, кеңес үкіметі кезіндегі экономикалық мамандандыру салдарының болуымен айқындалады. Республика экономикасындағы интеграциялық процестер тәуелсіздік алған кезден бастап жүргізілуде. Бірақ, кейінгі кездері қоғамда кейбір бастамаларға әр түрлі көзқарас қалыптасып қалған. Жоба мақсаты - білікті, дәлелді және қонымды түрде Қазақстанның бүгінгі экономикалық интеграциясына бағыт қалай және не үшін жүзеге асырылатындығы жайлы хабар беру.
 

EVENTS AROUND THE CORNER

Экономика саласындағы алдағы үш күнде болатын оқиғалар жайлы ақпараттық бағдарлама.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

WHILE YOU ARE DRINKING COFFEE

Қазақстандағы экономикалық оқиғаларға, іскерлік басылымдардың шығарылымдары, негізгі экономикалық спикерлердің талдаулары мен көкейкесті мәлімдемелеріне ақпаратты-сараптамалық  шолу.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

GLOBAL TALK

Қазақстан  60-тан аса халықаралық ұйымдардың қатысушысы болып табылып, 140-тан астам мемлекеттермен қарым-қатынас орнатып және оны дамытуда. Еліміздің бұрыннан келе жатқан ашық та тілектес серіктес ретінде  беделі бар. Мұнымен қоймай, қай кезде де қомақты диалог құруға қолайлы жағдай туғызуға дайын, әлемдік қауымдастықта әр түрлі интеграциялық үдеріс бастамашысы және белсенді қолдаушысы болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында өткізілген және жоспарланған халықаралық іс-шаралар саны, елімізге халықаралық аренадағы  жаһандық орталықтың бірі деген мәртебеге үміткер болуға керілдік береді. Қазақстанда әр деңгейдегі, әр ауқымдағы және нәтижелі кездесулер үнемі болып тұрады.  «Global talk» жобасының негізгі мақсаты - осыларды айқын түсіндіру.
 
 

NATURAL RESOURCES

Қазақстан Республикасының минералды-шикізаттық кешені жайлы бағдарламалар топтамасы.

Қазақстан минералды-шикізаттық ресурстарының саны мен түрлілігі бойынша әлемде жетекші орындардың бірін алады. Қазақстан минералды ресурстар қоры 100 жылдан аса уақытқа жететін елдердің қатарына кіреді. Осы ресурстардың түрлерінің әрқайсысы туралы бағдарламада.

 
 
 
 
 

HEART OF EURASIA

Қазақстанның инвестициялық және туристтік потенциалы туралы бағдарлама. Бағларлама дәстүрлер мен бүгінгі заманның байланысын көрсетеді, өзіндік, бірегей даму жолын тапқан елдің жетістіктері мен мүмкіндіктерін айғақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

NATIONAL CUISINE

Қазақстан - көпұлтты ел, мұнда 130 халықтар өмір кешуде.Кез-келген елдің өзіндік аспаздық брендтері. Біздің «National cuisine» жобамызда әр түрлі ұлт өкілдері қарапайым және ерекше тағамдардың рецепттерімен бөліседі. Бағдарлама кейіпкерлері - өз елінің ерекшеліктері мен дәстүрлері, мәдениеті туралы айтары бар танымал тұлғалар, актерлер, дизайнерлер, спортсмендер. Жоба мақсаты Қазақстанның бай этно-түрлілігін көрерменге оның аспаздық мұрасы арқылы жетікзу.

 

 

 

 

SING FOR THE MOMENT

Бағдарлама қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздарының жұмбақ әлемінің шымылдығын ашпақ. Тек мұнда ғана отандық эстраданың табынушылары өздерінің сүйікті кумирлерінің тек шығармашылық өмірі ғана емес, жеке өмірінің де қызық деректеріне тәнті болмақ. Бағдарлама кейіпкерлері өздерінің алғашқы деюбттері, жаңа әндері мен шығармашылық жоспарлары туралы көрермендермен бөліседі.