22 Наурыз мейрамы

 

 

Наурыз мейрамы – Қазақстан жерінде тойланар көктемгі теңесу мерекесі. Осы күн шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылдың бастауы болып есептелінеді. Қазақстар үшін бұл мереке достық пен жетістіктің, сүйіспенділік пен көктемгі жаңарудың нышаны іспеттес. Ертеде Наурыз келердің алдында адамдар үй-ішін және қора-қопсысыларын ретке келтіріп, мереке құрметіне ағаш, гүлдер отырғызатын. Егер Наурыз таза және шуағы мол үйге енсе, барлық ауру-сырқау, бәле-жала жоламайды деп сенген. «Наурыз» -«көктем белгісі» болып есептеледі. Аталмыш мереке шығыс халықтарының көнеден келе жатқан ерекше фестивалі. Оның Ұлыс Күні немесе Ұлыстың Ұлы Күні деген де атауы бар. Наурызды мол дастархан, кең көңілмен тойласаң үйіңнен жыл бойына береке кетпейді деген де ұғым бар. Сол сенімге сүйеніп мерекені молынан тойлап өту дәстүрі қалыптасқан. 

Қазақстанда 1926 жылдан 1988 жылдар арасына дейін Наурыз бүкілхалықтық болып тойланбаған. 2001 жылы Наурыз мемлекеттік мереке болып жарияланып, 2009 жылдан бастап 3 күн қатарынан тойланатын мерекеге айналды. Қазақстанда осы үш күн демалыс күндері болып есептелінеді.

Еліміздің бас қаласы Астанада Наурызды тойлауға арналған көптеген орасан зор мерекелік шаралар ұйымдастырылмақ. Басты концерттік және ойын-сауық бағдарламалары қаланың Орталық алаңдарында өтетін болады, сонымен қатар әр түрлі көрмелер мен фестивальдер де өткізіледі.

21 - 25 наурыз аралығында – «Қазақтың зергерлік өнері балалар жүрегін жаулауда» атты сатылым-көрмесі болады. Өтетін жері заманауй өнер мұражайы;

23 - 26 наурыз аралығында- «Көктем әуені» Республикалық фестиваль-байқауы өтеді.   «Хан - шатыр» ОСО.

21 наурыз 18:00-де  - Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы ұжымының қатысуымен халық музыкасынан концерт. Өтетін жері Конгресс-холл.
21 наурыз  19:00-де    Мемлекеттік филармониясының «Нағыз қазақ - домбыра» атты концерті ҚазҰМИ-дың Орган залында өтеді. 
22 наурыз - «Ән мен әнші» концерттік бағдарламасы. Конгресс-холл.

23 наурыз 17.00-де – қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қайырымдылық концерті.    «Казахстан» ОКЗ

24 наурыз -   «Ақ жауын» оркестрінің концерті.   «Казахстан» ОКЗ

24 наурыз -   «Ақ көгершін» Халықаралық фестивалі. «Жастар» Сарайы.

 24 наурыз –   «Петя мен Қасқыр» балалар симфониялық ертегісінің көрсетілімі.  «Астана Опера»
25 және 26 наурыз - Перизат Турарованың жеке концерті  және «Нұр сәулем-ай» ансамбілінің мерекелік концерті. Конгресс – холл