Тікелей эфир

 

«Kazakh TV» - Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық спутниктік телеарнасы. Арна Қазақстандағы ең ірі медиа-холдингтердің бірі АҚ «Хабар» Агенттігі» құрамына кіреді. 

«Kazakh TV» арнасы өзінің алғашқы телевизиялық көрсетілімін 2002 жылдың 25 қазанында «Caspionet» деген атаумен бастады. «Kazakh TV» тәулік бойы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын ақпаратты-танымдық арна болып табылады. Арна өзінің сигналдарын Eutelsat, GlobeCast және RRsat сияқты ірі спутниктік операторларымен біріге отырып, 117 елдің территориясында таратады. Потенциалды аудитория саны 5,1 миллиард адам, сонымен қатар арнаны Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия және Океания, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдері тамашалай алады.
 
«Kazakh TV» Қазақстан және Орталық Азия туралы өзекті және объективті ақпарат ұсынады. Арна эфирінде – Қазақстан мен әлемнің басты жаңалықтары, саясат, экономика, спорт саласының басты оқиғалары, отандық деректі жауһар туындылар мен классикалық және қазіргі заманғы фильмдер, балалар киносы, тарихи-этнографиялық бағыттағы бағдарламалар мен елдің мәдени өміріндегі жаңалықтар: театр қойылымдары, әр-түрлі бағыттағы шығармашылық көрмелер.