Туризм

 
 
Қазақстан – климатты мен табиғат аймақтарының алуан түрлілігімен ерекшеленетін, қызықты тарихы мен бүгіні бар мемлекет. Қазақстан әлем мемлекеттері арасында тоғызыншы орында және Еуразияның жүрегінде орналасып, жер бедерінің ең жарқын үлгілерін қамтыған. Қазақстанның 14 облысының әр қайсысы қонақтарды көрікті көріністерімен, халқымыздың бай мәдениетінен хабардар ететін ежелгі ескерткіштерімен   таңғалдыра алады. Туристер 700-ден астам бағыт-бағдарды таңдай алады. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және орталық аймақтары туризмнің қолданыста бар – танымдық, ойын-сауықтық, этникалық, экологиялық, сауықтыру, балалар, спорттық, аңшылық, атты, шым-шытырық  оқиғалы тағы басқа да түрлерінің бәрін ұсынуға әзір. 

Табиғат туризмі

 

Табиғи аймақтардың көптігі мемлекеттегі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің бай екендігін көрсетеді. Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау үшін ұлттық табиғи қорықтар жүйесі құрылған. Оның ішіндегі ең атақтысы: «Ақсу-Жабағылы», мұнда, мемлекет қорғауындағы ақ барыс, ақ төсті аю, суыр, сілеусін және қаcқырлар мекендейді; қызғылт фламинго жұмыртқалайтын «Қорғалжын» қорығы; қара-құлжа табиғи қорығы көкшіл тырна,  кішкене қыранның, аққұтан мен зайсан жұмырбас кесірткесінің тіршілік етететін ұйреншікті мекені. Марқакөл қорығы, саябақтың мақтан тұтарлық, көрікті жері - Марқакөл өзені (ұзындығы – 38 км, ені-19 км). Онда сирек кездесетін сібірлік майқанының түрі сиг-ускуч балығы мекендейді.

Соңғы уақытта осы және өзге де табиғи қорықтар шетелден келген қонақтарды қабылдауға мүмкіндік берілді. Осылайша Қазақстанда туризмнің жаңа бағыты – экотуризм – дами бастады. Экотуризм Европа мемлекеттері мен Ресейдің солтүстігінде өте танымал демалыс орындарының бірі. Мұзтау, Қазығұрт, Алтай мен Бұрқат асулары, Көк-Көл сарқырамалары – бұл алыс және жақын шетелдерден келген қонақтардың сүйіп баратын Қазақстан таулы аймақтарының азы ғана. Әрине, ең танымалы – Тянь-Шань таулары немесе жергілікті жер тұрғындарының атап кеткен атауы Жетісу. Бұл ерекше мекен. Бұрын Жетісу сауда, байланыс орындарының түйіскен орны болған.

Тянь-Шань тауларының солтүстік бөлігі – Іле Алатауы. Тау шоғырының ені – 400 км. Іле Алатауында ең танымалы - Кіші Алматы және Богданыч мұздықтарында өтетін альпинисттік маршрут. Бұл жерлердің ең үлкен мақтаныштары – Погребетский мұздығы (4231 м), Тұйық су (4100 м), Орджоникидзе (3980 м), Комсомол (4000 м), Мәншүк Мәметова (3750 м) асулары мен Локомотив (4182 м), Амангельды (4000 м), Абай (4010 м), Школьник (3590 м) шыңдары.


Этнотуризм

 

Қазақстан – мәдениет пен тарихқа бай мемлекет, сол себепті туризмнің бір бағыты - экотуризм. Қазақ тұрмыс-тіршілігіне, мәдениетіне, тарихына қызыққан туристтер Қазақстанның барлық аумағынан өзіне қажетті мағлұматтарды ала алады. Ең мағызды тарихи мекендердің бірі - Жамбыл облысында Берқара мемлекеттік қорықшасында орналасқан Берқара тау шатқалы. Шатқалда 504 қорған бар, оның 4, тарихшылардың айтуынша, сақ кезеңінен қалған. Осы қазіргі Бері Қара жерінде, Шыңғысхан тұрақтаған делінеді.

Алматы облысының мағында Жамбыл Жабаевқа арналған мұражайлар бар. Ол жерде ақынның тұрған үйі, бақтар мен ұйымдастырушы бөлімшелері бар. Мұнда Ж. Жабаевтің мавзолейі де орналасқан. Мұражай қызметкерлерінің арқасында, үйді баяғы мәз қалпында сақтай алған, бұйымдардың көпшілігі ақынның өзіне тиесілі. Бұл мұражай Жамбылдың өмірін ғана бейнелей қоймай, ақын өмір сүрген дәуірдің бет-пердесіндей.

Қазақ халқының тұрмысын бейнелейтін тарихи ескерткіштерден өзге этнографиялық саябақтар жұмыс істейді. Солардың бірі – Астана қаласындағы «Қазақстан картасы «Атамекен».

«Атамекен» - ашық аспан астындағы ерекше мұражай. Картада 14 облыс және екі қала – Алматы мен Астана орналасқан. Туристтердің назарына Қазақстанның табиғи-климаттық зоналар мен мемлекет ландшафтісі, тарихи ескерткіштері мен қалалардың назар аударарлық орындарының макеттері қойылған. Этно-мемориалді комплектің жалпы жер аумағы 1,7 гектар.


Су туризмі

 

Қазақстан туризмінің соңғы жылдары дамып келе жатқан бір саласы – су туризмі. Қазақстан аумағында өзен-көлдер де өте көп. Ең көп шоғырланған жері оңтүстік-шығыс. Ол жерді өз атына сай Жетісу деп атаған. Жетісу жеріндегі барлық өзендер Балқаш көлінің бассейіне жатады. Олардың ішіндегі ең танымалы «жергілікті тұрғындар мен шет елден келген қонақтар үшін де Іле, Шарын, Көксу, Қаратал және Шелек. Іле - Текес (Қазақстан) пен Күнгес (Қытай) екі өзеннің жалғасы. Ол өз бастауын Қытай тауларынан бастап, Қазақстан (Қазақстаннан өтетін өзен ұзындығы 815 км)  арқылы өтіп, Балқаш көліне құйылады. Іле – Қазақстандағы аумағы бойынша Ертіс пен Оралдан кейінгі үшінші орында.


Спорт туризмі және альпинизм

 

2011 жылы Қазақстан өзінде Азия ойындарын өткізді. Азияда ойындарын өткізу мәртебесін алу кездейсоқтық емес, себебі Қазақстан қыстық спорт түрлерін дамыту бас назарда тұрған мәселе. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында Қазақстанның Медеу тау шатқалында 1691 м биіктікте совет архитекторлары ерекше спорт комплексін салды. Көп жылдар бойына әлемдегі ең үлкен қолдан жасалған мұз айдыны барлық тұрғындар мен шетелден келген қонақтарды қызықтырып келеді. Мұз айдынының жалпы аумағы 10,5 мың  м². «Медеу» мұз айдынының жұмыс істеп жатқан уақытында 170 әлемдік рекорд қойылды.

Қазақстан қыстық спорт ойындарының басты кешендерінің бірі, қыстық демалысқа қатысы бар – «Шымбұлақ». Демалыс орны Іле Алатауының шатқалында (Алматыдан 25 км ары) орналасқан. Мұнда мамырдан қарашаға дейін қар жатады. «Шымбұлақта» жылына 300 күннен астам уақытта күн шуақты ауа-райы тіркеледі. Тау шатқалдарындағы қар көлемі 150 см. Әр шаңғы трассасында аспалы арқанды жолдар бар. Демалыс орнында бір дегеннен 114 турист қабылдай алатын аттас қонақ үй жұмыс жасайды.

«Көкшетау» ұлттық паркі аумағына бірнеше демалыс орындары кіреді. Көп жылдар бойы үздік демалыс орындарының бірі екенін дәлелдеп келеді. ХХ ғасырдың басында алғашқы емделу орындары ашылды. 1920-30 жж. еліміздегі ең танымал демалыс орны Бурабай деп есептелді.  1938 жылы Нью-Йоркте алғаш рет Бурабай демалыс орнының суреттері қойылды. Табиғаты мен ландшафтісі өте ерекше, бұл мекен жазық даланың қақ ортасында орналасқан. Көптеген өзен-көлдер бұл жердің сұлулығын гүлдендіре түседі. Бұл жерді «Екінші Швейцария» деп аталуы тегін емес. Әр жыл сайын мұнда демалу мақсатында мыңдаған туристтер келеді. Осында туризмнің барлық түрі дамыған: экотуризм, балық аулау, аң аулау, тауға саяхат пен танымдық.