Спорт

 
Салауатты өмір салты – дені сау ұрпақ кепілі.
 
Қазақстан Республикасының Президенті спорт ұйымдастырушыларына үлкен тапсырма жүктеді – түрғындардың 30% спортқа қызықтыру. Елімізде алуан спорт түрлеріне арналған үйірмелер жұмыс істейді. Ондағы спорттық бұйымдар жалпыхалықтық қолданысқа лайықталған. Қазақстан қазіргі таңда үлкен халықаралық жарыстар өткізіп тұруына жол ашылып, 2011 жылы 27 елден келген спортшылар қатысқан Алматы және Астана қалаларында VII қыстық Азияда ойындарын өткізді. Бұл сайыста Қазақстан қоржынына 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медаль түсіріп, жалпы командалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді, екінші орында Япония құрамасы, үшінші орында – Корея. 2017 жылы елімізде XVIII Әлемдік Универсиада өтіледі деп күтілуде.

 

Қазақстанның танымал спорт түрлері

 

Еліміздегі ең танымал спорт түрлерінің бірі – футбол. ССРО тұсында алматылық «Қайрат» командасы Совет Одағының жоғарғы лигасының құрамында ойнады. 1994 жылы Қазақстан футбол федерациясы азияттық аймақ (ФИФА) құрамына енді, ал кейіннен 2001 жылы европалық аймаққа (УЕФА) ауысты.

Елімізде хоккей де өте танымал. Өскемендік «Торпедо» командасы Наганода өткен Олимпиада ойындарында таласқа түскен құраманың негізгін құрады. Онда олар Швеция, Беларусия мен АҚШ құрамаларымен жоғарғы орындарды бөлісті.

Қазақстандықтар сүйіп қатысатын спорт түрі – күрес. Ең танымал түрлері – қазақша күрес, греко-рим, еркін күрес, кикбоксинг, таэквандо, қол күресі, дзюдо және каратэ. Барлық аймақтарда бірнеше күрес стильдерін танытатын каратэ мектептері жұмыс істейді. Қазақстанда Япониядан келген күрес шеберлері жұмыс істейді және олар семинарлар мен мастер класстар өткізіп тұрады.

Бокс – республикадағы ең танымал, жақсы дамыған спорт түрі. Қазақ бокс шеберлері оны бірнеше рет Олимпиада ойындарында дәлелдеп шыққан.  Әлемдік бокс сериясы аясында «Astana Arlans» командасы қатысып, үлкен спорт сарайларында жиналған мыңдаған жанкүйерлер қолпаштауына ие.

2006 жылы «Астана» кәсіби велокомандасы құрылды. Велоспорт саласындағы ең маңызды «Тур де Франс» жарысының жеңімпаздары атанып жүрген: Альберто Контадор, Андреас Кледен, Леви Лефаймерлер топ атынан жарыстарға қатысқан.

Қазақстанда баса назар аударылатын спорт түрі – жеңіл атлетика,  танымал спортшысы Анатолий Храпатый болды. Олимпиада жеңімпаздары Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло бұл спорт түрінің беделін көтере түсті.

Алматы қаласындағы заманауи «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешені трамплиннен шаңғыдан секіруден Әлемдік Кубок үшін сайыстың кезеңдік сайыстарын өткізіп тұруға мүмкіндік тудырды. Бұл шаңғы спортының танымалдығын арттырды.

Қазақстан – шекарасының көп бөлігі таулы аймақтардан өтетін таулы мемлекет, сондықтан елімізге мықты альпинисттер қажет. Қазақстан Республикасы альпинисттер құрамасы алғашқы болып әлемнің ең биік 14 шыңын бағындырған. «Гималай тәжін» немесе 14 сегізмыңдықтарды  бағындырушылар қатарында Денис Урубко, Мақсұт Жұмаев және Василий Пивцов. Денис Урубко серіктері Сергей Самойлов пен Борис Дедешко «Азияның алтын мұзбалағы» атағын алған үш рет жеңіп алған болатын, енді «Әлемнің алтын мұзбалағын» жеңіп алды.

Соңғы кездері жастардың көңілі автоспортқа ауып отыр, үлкен буын да бұл спорт түрінен кенде емес. «Астана» ралли-рейд командасы әлемдегі ең үздік «Дакар» және «Африка Эко Рейс» сынды раллиларды тұрақты қатысушысы. Артур Ардабуч бастаған экипаж «Дакар-2011» жалға алынған Ресей жүк машинасымен 8 орынды иеленді, ал 2012 жылы қола жүлдегері атанды. 2013 жылы Қазақстан алғаш рет «Африка Эко Рейс» жарысына қатысып, Т2 категориясы бойынша бірінші орынды иеленді, ал жалпы есепте жетінші орынға қол жеткізді. Экипаж мүшелері: Қанат Шагиров пен Андрей Мороза.

 

Қазақстан Олимпиада ойындарында

 

Жоғарғы дәрежелі спорт марапаттарына келер болсақ, Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде Олимпиада ойындарына 1996 жылдан бері қатысады. Осыға дейін қазақстандық спортшылар ССРО құрама командасының мүшесі ретінде Совет Одағы атынан жарысқа түскен.

 

Тарихқа көз жүгіртсек, 1952 жылы ССРО құрамасы алғаш рет Хелсинки қаласында өткен Олимпиадаға қатысты, 1956 жылы австрияның Мельбурн қаласында өткен Олимпиадада қазақстандық жеңіл атлет Евгений Кадяйкин жарыста бағын сынаса, сол жылы Кортинад’Ампеццо қаласында өткен VII қыстық Олимпиадада тау шаңғысынан қатысқан спортшы қыз – Александра Артеменко болды. 1960 жылы Гусман Косанов Рим қаласында өткен Олимпиадада ССРО құрама командасының атынан 4х100 метрлік эстафеталық жүгіруде күміс медальға қол жеткізді. 1994 жылы Лиллехаммер қаласында өткен Олимпиада ойындарында Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Олимпиада жеңімпазы - шаңғышы Владимир Смирнов.

 

Араға екі жыл салып Атлантада болған XXV жаздық Олимпиада ойынында бессайысшы Александр Порыгин, грем-рим күресінің шебері Юрий Мельниченко және Василий Жыров жеңімпаз атанды. Василий Жиров үздік техникасы үшін «Вэлл Баркер Кубогын» иеленді. Сиднейда жеңіл атлет Ольга Шишигина кедергілермен 100 м қашықтықта жүгіруден алтын медаль жеңіп алды,  күміс медальға қол жеткізген боксерлер Болат Жұмаділов пен Мұхтархан Ділдәбеков, Ермахан Ибрагимов пен Бекзат Саттарханов алтын медаль иегерлерін атанды. Тағы да бір күміс медаль жеңімпазы болған – еркін күрес шебері Ислам Байрамуков. Сиднейда алғаш рет су полосында ойнайтын ерлер және әйелдер командасы қатысты, ватерполшылар Афины қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысты. Бұл ойында Қазақстандық онсайысшы Дмитрий Карпов, боксер Серик Елеуов, грек-рим күрес шебері Мкхитар Манукян қола жүлде жеңімпаздары атанды, күміс жүлде иегерлері: еркін күрестен Геннадий Лалиев, грек-рим күрес шебері Георгий Цурцумия, ауыр атлет Сергей Филимонов, боксер Геннадий Головкин, Олимпиада чемпионы ағына ие болған - Бақтияр Артаев.

 

Пекин Олимпиадасының қола жүлдегерлері күрес палуандары Елена Шалыгина, Нұрбақыт Теңізбаев пен Әсет Мамбетов (грек-рим), еркін күрес шебері Марид Муталимов, тяжелоатлет Мария Грабовецкая, боксер Еркебұлан Шыналиев, таеквондист Арман Чилманов. Күміс иегерлері дзюдоист Асхат Жіткеев, ауыр атлет Ирина Некрасова мен Алла Важенина, және де еркін күрес шебері Таймураз Тигиев. Олимпиада чемпиондары ауыр атлет Илья Ильин мен боксер Бақыт Сәрсекбаев. Ванкуверде өткен қыстық Олимпиадада биатлонист Елена Хрусталева күміс жүлдеге ие болды.


Отанымыздың спорт тарихындағы ең басты жетістік 2012 жылы Лондонда өткен жаздық ХХХ Олимпиада болды. Біздің отандастарымыз болмаған рекорд жасап, 7 алтынға ие болды! Одан өзге сіздің спортшылар 1 күміс, және 5 қола жүлдегерлеріне ие болды, Олимпиада ойындарының жалпыкомандалық қорытындысы бойынша Қазақстан 12 орынды иеленді. Әлемдік доданың ең басты жүлдесі «алтынды» қазақстандықтар алғашқы күні-ақ қанжығаларына байлады, жеңісті әкелген топтық веложарыстан қатысқан спортшы – Александр Винокуров. Екінші алтынды қанжығамызға байлаған Зульфия Чиншанло. Жеңістер легі мүнымен тоқтамады. Олардың ізін жалғаған Майя Монеза болды. Төртінші алтынды Светлана Подобедова жеңіп алды. Қазақстан ауыр атлетикасының «алтын баласы» Илья Ильин Лондон төріндегі Қазақстан ауыр атлеттерінің тамаша жеңіс тізбегінің керемет нүктесін қойды. Алтыншы алтынды үшқарғып секіруден Ольга Рыпакова иеленді. Боксер Серік Сапиев жетінші алтынды жеңіп, «Вэлл Баркер Кубогын» иеленді. 

 

Күміс медаль жеңімпазы боксер Адильбек Ниязымбетов, қола медаль жеңімпаздары Владимер Дычко, Марина Волнова, күрес шеберлері Ақжүрек Таңатаров, Даниал Гаджиев, Гузель Манюрова. Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін жеңімпаздарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап, спортта көрсеткен жоғары жетістіктері үшін ұлкен мерей той ұйымдастырылды. Біздің спортшылардың бір ғана ұраны бар: «Алға, Қазақстан!»