Ғылым

Қазіргі таңда Қазақстанда ғылым саласы 5 бағыт бойынша дамып келеді. Ол энергетика, шикізат пен өнімді тереңнен өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациалық технологиялар, өмір туралы ғылым мен ұлттық ақыл-ой әлеуеті.

 

«Білім-ғылым-инновация» үштігі – Қазақстан Республикасы саясатының негізгі діңгегі. Ғылым мен білім беру ісін және инновациялық технологияларды біріктіру үшін ел президентінің ұсынысымен ашық зертханалар (ұжымдық қолданудағы ұлттық ғылыми зертханалар) ашылды. Олардың барлығы заманауи қондырғылармен жабдықталған, ол жерде кез-келген республика азаматы өз зерттеулерін жүргізуге мүмкіншілігі бар.

 

Білім мен ғылымды ұштастырған тағы бір үлкен мысал – Назарбаев Университеті. Бұл білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы барлық 3 аспектті басын қосқан елбасымыздың қолдауымен ашылған оқу орны. Әлемдік стандартқа сай 3 деңгейлік ғылыми орталық жұмыс істейді. Олар тек зерттеу жұмыстарын ғана жүргізбейді, білім беру саласында ғылымды оңтайлы түрде қолдануды, коммерциялық инновация өндірісіндегі негізгі бағыттарды айқындайды.

 

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің атқарар қызметі де орасан зор. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық  дамуы мен ғылми-технологияны тұрақтандыруда көп сұранысқа ие болатын жаңа технологияларды ойлап тауып, енгізу және коммерциялау.

 

Тағы бір ерекше жоба «Технологияларды коммерциялау». Ғылым жетістіктерін коммерциялық жүйеге шығарудағы оңтайлы жолдарын анықтау үшін құрылған.  Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жасалған үлкен жоба. Негізгі бағыты – зерттеулерді бастапқы кезден талапқа сай және коммерциялық маңызды етіп жасауға баулып, шетелдік мамандардың көмегімен Қазақстан ғылымын дамытуда оңтайлы жолдарын нақты зерттеулер арқылы ашып, дәлелдеп көрсетеді.  Жоба Қазақстандағы ҒЗТҚЖ (НИОКР) қажетті сигменттерді қайта өңдеу мен маңыздылығын күшейту үшін ұлттық және халықаралық технология нарығын жандандыруға көмектеседі.

 

Мемлекет ғалымдарға жақсы қолдау көрсетуде. Біршама халықаралық жобалардың арқасында жастардың жыл сайын ғылымға деген құлшынысы артуда, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы, жас ғалымдар әлемнің ең үздік зертханалырында өз жұмыстарын жүргізе алады.

 

Елімізде отандық зерттеулерді қолдау үшін 3 түрлі материалды тізбек жолы еңгізілген – негізгі, грант және бағдарламалар бойынша. Гранттық қаржыландыру жаңа ұтымды ойларды іске асыру үшін беріледі, оның жартысынан көбі іргелі зерттеулер болып табылады, ал қалған жартысы – қолданбалы зерттеу жұмыстары. Бағдарламалық  қаржыландыру негізгі жұмыс істейтін бағыты анықталған, мемлекет дамуына септігі тиетін әлеуметтік, экономикалық  ірі мәселелерді шешуге бағытталған зертеулерді қаржыландырады.

 

Қазақстандық зерттеушілері жаңадан құрылып жатқан технопарктар мен бизнес-инкубаторларда жоғарғы технологиялық ойларын жүзеге асыра алады және сол арқылы материалді пайда көруге мүмкіншіліктері бар. Мемлекет ғылыми-техника саласына жастарды қызықтыру үшін ғылыми жұмысты жүйелейтін бірнеше бағдарламалар дайындады. Ғылым, білім мен техника саласындағы жеткен жетістіктері үшін берілетін Қазақстан Республикалық Ш.Уалиханов, М.Әуезов, Қ.Сәтпаев, Д.Қонаев, А.Бараев, Күл-Тегін сияқты марапаттар тағайындалды.

 

Құрылған білім базасы негізінде Қазақстанда индустриалді-инновациялы дамуды жылдамдату бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл даму бағдарламасы экономика өзгермелілігіне тұрақталған жоғары сапалы және ғылыми қажет ететін өнімдер жасауда жаңа принциптерге сүйене отырып жұмыс жасайды.

 

Толығырақ ақпаратты келесі сайттардан қарай аласыздар: