Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – мемлекетіміздің жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтетін басты мемлекеттік мерекесі.

 

Осы күні 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан  республикасының Жоғары Кеңесі Республикамыздың мемлекеттік тәуелсіздігі және егемендігі  туралы Заңын қабылдады.  КСРО тарағаннан кейін, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы бұрынғы Кеңестер Одағы елдері ішінде өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған соңғы Республика болды.

 

Бүгінгі таңда, Қазақстан халықаралық аренада танылып және  әлемдік экономикалық жүйеде өзінің ылайықты орынын алды деп нық сеніммен айтуға болады. Қазақстанды 120-дан аса мемлекет ресми түрде мойындап және дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды және белсенді мүшесі, сонымен қатар мыналар:  ЮНЕСКО және ЮНИСЕФ, Қызыл Крест, АЭХА, Халықаралық Валюталық Қор, Еуропалық қайта қалпына келтіру және даму банкі, Еуроодақ сынды беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын нығайта түсуде.  Қазақстан 40-тан аса көп тарапты және 700 екі жақты келісімдер мен шарттарға қосылды.