География

 
 
Қазақстанның географиялық орны
 
Қазақстан Республикасы – солтүстік жарты шарда Еуропа мен Азияның қосылған жерінде жатқан ірі мемлекет.  Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алады және Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан мен  Аргентинадан кейінгі аумағы ірі мемлекеттердің алғашқы  ондығына кіреді. 
 
Қазақстанның жалпы алаңы 2 724 900 шаршы километр. Республика аумағы батыста  Еділдің төменгі ағысынан  шығыста Алтай тауларының етегіне дейін,  солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан оңтүстікте Тянь-Шань тау жоталарына дейін, екі сағат белдеуін ала созылып жатыр. Қазақстанның ең солтүстік нүктесі  - 55'26' солтүстік ендікте, ол Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігіндегі оңтүстік ендік пен Британ аралдарының оңтүстігіне (Мәскеу ендігі) сәйкес келеді,  ең оңтүстік ендігі  - 40'56' солтүстік ендікте – Кавказ елдері мен Оңтүстік Еуропаның Жерортатеңізі елдеріне (Мадрид, Стамбул және Баку ендігі) сәйкес келеді.

Шекаралары

 

Cолтүстікте және солтүстік-батыста Қазақстан Ресеймен шектеседі, шекара ұзындығы 7 591 км, бұл әлемдегі ең ұзын жазықтық шекарасы. Шығысындағы шекарасы Қытаймен 1 783 км созылған. Оңтүстігінде Орталық Азия мемлекеттері: Өзбекстан - 2 351 км, Қырғызстан - 1 242 км  және Түрікменстан - 426 км. Батыс бөлігі Каспий теңізімен шектеседі. Құрғақтағы шекарасының жалпы ұзындығы – 13 200 шақырым.


Табиғат аясы

 

Қазақстан табиғаты мен ландшафты әртүрлі, яғни шығыстың таулы аймақтары да, батыстың жазықтығы да бар. Мемлекеттің көп бөлігін шөлді, жартылай шөлді аймақ құрайды, далалы өңір елдің төрттен бір бөлігін, ал қалған бөлігін таулар, теңіздер, көлдер мен өзендер құрайды. Территориясы солтүстіктен оңтүстікке келесідей табиғи климаттық аймақтарға бөлінеді: орманды дала, дала, жартылай шөл, шөл, содан соң таулы аймақтар. Жер бедері мұхит денгейінден төменгі кең ойпаттардан 5 000 метрге жететін таулы арқалардан құралған. Оңтүстікте және оңтүстік – шығыста топырақ жүйесі  Тянь-Шань таулы жүйесінің құмды кешеніне ұқсас, құмды аймақ 2 400 километрге созылған. Оның көп бөлігі елдің территориясында орналасқан.


Су қоры

 

Қазақстанның су қоры көп жағдайда өзендер мен көлдердің ағысына тәуелді. Олар негізінен тау мұздақтардан бастау алады.  Қазақстан тауларында барлығы 3 000 жуық  мұздақ бары анықталған. Барлық мұздақ көлемінің тең жартысы Жоңғар Алатауы шыңдарына  тиесілі.

Қазақстанда өзендер мен су қоймалары өте көп. Аумағы жағынан үлкен өзендер: Ертіс, Есіл, Орал, Сырдария, Іле, Шу, Тобыл, Нұра. Солтүстік-батыс аймақта орналасқан Каспий теңізі шекара аумағынан асады. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттеріне тиесілі. Елімізде кіші және үлкен өзендер саны 48 жетеді. Солардың ішіндегі ең үлкендері – Балқаш, Зайсан және Алакөл. Қазақстан - Дүниежізілік мұхитқа шығуға мүмкіншілігі жоқ ең үлкен мемлекет.


Климат

 

Қазақстан климаты күрт континентальді.  Ол әр аумақта жауын-шашынның әр түрлі түсуімен сипатталады. Қаңтар айының орташа температурасы -19°С бен -4°С шамасында, шілде айының орташа температурасы +19°С бен +26°С дейін. Қыс мезгіліндегі температура -45°С, ал жазда +47°С жетеді. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы суық және қарлы.


Жер қойнауының байлығы

 

Қазақстан көзге көрнекті, әрі  өзгеше табиғатымен қоса, минералдық қазбалардың да орасан мол қорына ие. Минералды шикізат қорының 6 000 астам кен ошағы бар, оның құны шамамен ондаған трлн. АҚШ долларға жетеді. Менделеев кестесінде көрсетілген 105 элементтің 99-ы Қазақстан аймағында табылған, 70-сінің қоры барланып, 60-тан астамы өндіріске өткізілді. Қазақстан мұнай қоры бойынша алғашқы ондықтың құрамында. Цинк, вольфрам және баритті өндіруден әлемде бірінші орында тұр. Республика әлемде уран кен орындарының қоры бойынша екінші орын, ал алтын қоры бойынша алтыншы орын алады.


Флора мен Фауна

 

Қазақстан Республикасының биологиялық ландшафқа бай мемлекет. Онда солтүстіктегі шөл даладан бастап тау беткейіндегі көкорай шалғындар мен мәңгілік қарларға дейінгі табиғи белдеулерді табуға болады. Өсімдік қорында 6 000 астам  өсімдік түрлері бар.

Қазақстанның хайуанаттар әлемі де сан алуан. Оның аумағында омыртқалы жануарлардың 853 түрі (сүтқоректілер – 178, бауырымен жорғалаушылар – 49, қосмекенділер – 12, балықтар мен дөңгелек ауыздылар – 102 мекендейді). Омыртқасыздар фаунасы сан алуан, мұнда олардың ең кемі 50 мыңдай түрі бар, соның ішінде 30 мыңдайы ұсақ бунақденелілер мен жәндіктер. Кең далада құландар мен жайрандар(Атлант антилопасы) үйірі жайылып жүреді. Оның қарлы тау шыңдарында барыстар тіршілік етеді.  Тау үңгірлерінен көк құс – үнді шымшығының үні естіледі. Қазақстанды құстар, суырлар, Үстірттің жабайы қойлары, Түркістан сілеусіндері, Тянь-Шанның қоңыр аюлары, қоқиқаздар мен аққулар мекендейді. Олардың бәрі де керемет және жойылып бара жатқан жануарлар. Республиканың Қызыл кітабына омыртқалы жануарлардың 125 түрі, омыртқасыз жануарлардың  96 түрі және өсімдіктердің 303 түрі енгізілген.   

Қазақстан – асқар шыңды көгілдір таулардың, тау беткейіндегі көкорай жасыл шалғындардың, көрінісі көркем жазықтардың, ертегідей сұлу ормандардың, жусанды шексіз дала мен алтын құмдардың,  көптеген өзендердің, көлдер мен теңіздердің елі. Еуразия құрлығындағы барлық географиялық аймақтар Қазақстанда бар. Ел аумағы орасан үлкен.  Оңтүстікте көктемгі егіс басталғанда, солтүстікте жер әлі мұз құрсауында жатады, кейде тіпті қарлы борандар  ұйтқи соғады. 

Қазақстан Республикасы – солтүстік жарты шарда Еуропа мен Азияның қосылған жерінде жатқан ірі мемлекет.  Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алады және Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан мен  Аргентинадан кейінгі аумағы ірі мемлекеттердің алғашқы  ондығына кіреді. Қазақстанның жалпы алаңы 2 774 мың шаршы километр.

Республика аумағы батыста  Еділдің төменгі ағысынан  шығыста Алтай тауларының етегіне дейін,  солтүстікте Батыс-Сібір ойпатынан оңтүстікте Тянь-Шань тау жоталарына дейін, екі сағат белдеуін ала созылып жатыр. Қазақстанның ең солтүстік нүктесі  - 55'26' солтүстік ендікте, ол Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігіндегі оңтүстік ендік пен Британ аралдарының оңтүстігіне (Мәскеу ендігі) сәйкес келеді, ең оңтүстік ендігі  - 40'56' солтүстік ендікте – Кавказ елдері мен Оңтүстік Еуропаның Жерортатеңізі елдеріне (Мадрид, Стамбул және Баку ендігі) сәйкес келеді.

 

Қазақстан Республикасының биологиялық ландшафты сан алуан және керемет бай. Онда солтүстіктегі шөл даладан тау беткейіндегі көкорай шалғындар мен мәңгілік қарларға дейінгі табиғи белдеулердің  бәрін де табуға болады. Өсімдік қорында 6 мыңнан астам  өсімдік түрлері бар. Республика көлемінде 5 754 түрлі жоғары өсімдіктер өседі. Қазақстан өсімдіктер әлеміне жоғары деңгейлі - 14 %-ға дейінгі эндемизм тән. Батыс Тянь-Шань мен Қаратау тауларының өсімдіктері барынша мол ерекшеліктерімен көзге түседі. Қазақстанның хайуанаттар әлемі де сан алуан. Оның аумағында омыртқалы жануарлардың 853 түрі (сүтқоректілер – 178, бауырымен жорғалаушылар – 49, қосмекенділер – 12, балықтар мен дөңгелек ауздылар – 102 ) мекендейді.

 

Омыртқасыздар фаунасы сан алуан, мұнда олардың ең кемі 50 мыңдай түрі бар, соның ішінде 30 мыңдайы ұсақ насекомдар. Кең далада құландар мен жайрандар үйірі жайылып жүреді. Оның қарлы тау шыңдарында барыстар тіршілік етеді.  Тау үңгірлерінен көк құс – үнді шымшығының үні естіледі. Қазақстанды құстар, суырлар, Үстірттің жабайы қойлары, Түркістан сілеусіндері, Тянь-Шанның қоңыр аюлары, қоқиқаздар мен аққулар мекендейді. Олардың бәрі де керемет және жойылып бара жатқан жануарлар. Республиканың Қызыл кітабына омыртқалы жануарлардың 125 түрі, омыртқасыз жануарлардың  96 түрі және өсімдіктердің 303 түрі енгізілген.