Халықаралық EXPO көрмесі - индустриализацияның айқын бейнесі және технологиялық, техникалық жетістіктерді көрсететін ашық алаң болып табылады. EXPO-2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. «Болашақтың энергиясы» жобасының түпкі ойы, энергия көзін тұрақты басқарумен қамтамасыз етуші тәсілдер және шешімдерге қоғам назарын аудару болып табылады.

Халықаралық сәулет байқауын қорытындылап, ресми жеңімпазды Adrian Smith+Gordon Gill Architecture компаниясы архитектурлық жобасы жеңіп алды. Олардың портфолиосында «жасыл» құрылыс (Абу-Дабиге жақын орналасқан «Masdar City» ғимараты, Дубайдағы «Бурдж Халифа») және жаңғыртылмалы энергия технологиясы қолданылған жобалар бар. ЭКСПО құрылысы 2014 жылда АҚ «ҰК АСТАНА ЭКСПО-2017» басшылығымен басталды. Жобаның дәл ортасында дәстүрлі архитектураның тұжырымдамасы іспетті қазақ үйінің бейнесіндегі павильон орналасатын болады, ал оның маңайында су және жылумен дербес қамтамасыз етілетін және баламалы энергия көзін қолдану мүмкіндігі қарастырылған мекемелер болады.