Конституция күні

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде
мемлекеттiлiк құра отырып,
өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық
мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық
қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын
алуды тiлей отырып,
қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы
жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып,
өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге
ала отырып,
осы Конституцияны қабылдаймыз.

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні (кейін, 1998 және 2007 жылдары өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының мемлекетті «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде және оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екендігін» орнықтыруға деген талпынысы мен жігерін айқындайды. (Н.Назарбаев).

Қазақстан Республикасының 19 жылдығына орай, Астанада 50-ден астам мерекелік шаралар күтілуде. Астана қонақтары мен тұрғындарына арналып, мереке күндері жастар акциялары мен флеш-мобтар, балаларға арналған асфальтта сурет салу байқауы, сонымен қатар, спорттық жарыстар мен шаралар ұйымдастырылады. Ауқымды шаралардың ең көрнектілері мыналар:

28 тамыз - Ғылыми-практикалық конференция, тақырыбы: «Конституция - қоғам мен мемлекеттің дамуы стратегиясының негізі», «Думан» қонақ үйінде;

28 тамыз - Конгресс-Холлда Мерекелік концерт;

29 тамыз - Бейбітшілік және келісім Сарайында Салтанатты жиналыс пен концерт;

30 тамыз - Астананың орталық алаңында мерекелік концерт.