Жыл сайын елімізде 30 тамыз күні Конституция күні тойланады. Дәл осы күні 1995 жылы жалпы ұлттық референдум өтіп, Қазақстан халқы бұл құжатты құптаған болатын. Бұл Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуындағы ең негізгі қадамдарының бірі. Бұл мереке ең маңызды мемлекеттік мерекенің бірі, өйткені бұл Қазақстанның еркіндігін, оның тәуелсіздік, демократиялық, құзырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болуға деген ұмтылысын көрсетеді (Қазақстан Конституциясы 1 бап). Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алған болатын, бірақ негізгі құжат тек 1995 жылы қабылданды. Конституцияға екі рет өзгертулер енгізілген, 1998 жылы және 2007 жылы. Соңғы рет Конституцияда мемлекет құрылымының президенттік-парламенттік жаңа формасы бекітілген болатын. Негізгі Конституция ен алдымен жаңа көзқарасқа байланысты құрылған. Қазіргі қолданыстағы Конституция қоғам мен мемлекеттің ішінде ерекше орын алады. Бұл Конституция демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және құзырлы мемлекет ретінде өзін әлемге таныстырып үлгерген Қазақстанның жетістігі. Демократиялық қоғамның биік идеалдарға деген ұмтылысы, қазақ жерін мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген сыйластық және ұлтаралық достығы, мемлекеттік органдардың жақсы жүйесі- барлығы дерлік Конституцияда өз елесін тапқан. Мемлекеттің және қоғамның негізгі Заңнамасы ретінде Конституция, басқа заң актілеріне қарағанда, ол құрылтайлық және негізгі құрамды сипаттары бар. Ол көптеген әлеуметтік қатынастар саласын реттейді, олардың ішіндегі ең негізгілері, қоғам мүшелерінің қызығушылықтарымен құқықтарын қорғайды. Конституция мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық құрылымын, оның ұлттық-территориалды құрамын, негізгі құқықтарды, адамдардың бостандығы мен міндеттерін, мемлекеттік биліктің жүйесін реттеумен ұйымдастырып, ел ішінде тыныштық пен тәртіпті реттейді. Сондықтан коституциялық нормалар мемлекеттік органдар, саясаттық партиялар, әлеуметтік ұйымдардың  жұмысында негізгі бағдар беруші.

Конституция- барлық құқықтық құрылым бастау алатын, құқықтың негізгі көзі. Ол қазіргі заңнамаға негіз ретінде қолданылады, және заңнаманың негізі қасиеттерін көрсетеді.

Конституция- ең жоғарғы заңды күшке ие. Бұл әрбір басқа құжаттардың, заңдардың және басқа да актілердің Конституция негізінде пайда болатыны. Нақты және тура Конституцияға байланысты қызмет ету- барлық әлеуметтік ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және адамдарың міндеті.

Конституция- әрбір мемлекеттің өмірінде ерекше орын алады, негізгі құқықтық және саяси құжат болып есептеледі, саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірдің маңызды жақтарын бекітіп, негізгі құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін айқындайды. Елімізде бұл мереке күні әр қалада барша халық үшін концерт пен түрлі іс-шаралар мен көрмелер ұйымдастырылады. Ал ауылды және далалы мекендерде ұлттық ойындармен дәстүрлердің куәсі болуға болады. Негізгі мерекелік іс-шаралармен концерттер еліміздің жүрегі Астанада өтеді.