Балалар — біздің болашақ,
Сүйсінеміз, сүйеміз.
Бұл болашак тамаша-ақ!
Болашаққа иеміз.

Алға кетіп барамыз
Болашақты құшақтап.
Жыламайды баламыз
Көзден жасы бұршақтап.

Жыламайды баламыз,
Жылатпаймыз еш уақыт.
Бәрі бізде, қараңыз:
Өмір, өлең, күш, бақыт!

Халықаралық балаларды қорғау күні 1949 жылы Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының конгресімен бекітіліп, балалар күнін бірінші рет 1950 жылдың 1 маусымында атап өту шешімі қабылданды. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) бұл бастаманы қолдап, балалардың мүддесін, өмірін және денсаулығын қорғау қызметтерінің басым бағыттарының бірі деп жариялады. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ балалардың құқығы жөніндегі Конвенцияны қабылдады, оған әлемнің 61 елі қол қойды. 1990 жылы 13 шілдеде Конвенция КСРО-да бекітілді.

ХХІ ғасырда балалар үшін қорғау мен қолдау қажеттілігі соғыстан кейінгі уақыттан кем емес. Өкінішке орай, балалардың әлеуметтік-психологиялық  денсаулығына ақпараттық ықпал мәселесі, жанұя ішіндегі жағдайлар мәселесі, сонымен қатар, аштық, ЖИТС, сауатсыздық, аборт, әскери жанжалдар сияқты ғаламдық масштабтағы проблемалар өзектілігі артты.

Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл, ең алдымен, балалардың өмірге, пікірі мен дініне, білім алу, демалыс пен бос уақытқа құқығының сақталуы, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғау керектігін үлкендердің есіне салу.

Халықаралық балаларды қорғау күніне Қазақстанда да ерекше көңіл бөлінеді. Мереке демалыс күні болмағанымен, елде балаларға арналған әр-түрлі мерекелік шаралар өткізіледі. Қоғамдық ұйымдар, компаниялар мен қарапайым азаматтар балалар үйлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаттарға арналған қайырымдылық акцияларын жүргізеді. Қазақстандағы ең қуатты да белгілі қайырымдылық ұйымдардың бірі ретінде еліміздің бірінші ханымы  С.Ж. Назарбаева бастаған «Бөбек» фондын атап өтуге болады. «Бөбек» балалардың рухани тәрбиесі мен білім беру мәселелерінің шешімдерін табуда, олардың таланты мен мүмкіндіктерін дамытуда, салауатты өмір салтын насихаттауда қоғамды қолдау, сонымен қатар белсенді түрде жетім балалар мәселелерін шешуде.

2000 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» атты жетім-балалар құқығын қорғау жөніндегі заңға қол қойды. Енді республика аудандарында Фондың көмегімен отбасы үлігісіндегі ауылдар, ал өмірде орнын таппаған балалар үйінің түлектерінің жасөспірімдер үйіне орналасуға мүмкіндігі бар. Бұл оларға оқуын жалғастыруға немесе мамандық алуға мүмкіндік береді.

Астанада бұл күнге орай келесідей мерекелік шаралар ұйымдастырылады: