8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні (International Women's Day) –  сонымен қоса, бұл күні әйелдердің саясаттағы, экономика мен әлеуметтік саладағы жетістіктері аталып өтіп, әлем әйелдерінің өткені, бүгіні және келешегі мерекеленеді. Қазіргі күні Әйелдер күнін мерекелеу теңдікті дәлелдеу мақсатында емес, керісінше көктемді, әйел сұлулығын, нәзіктігін, кемеңгерлігін дәріптеп және оларға көңіл бөлетін күн ретінде есептеледі. Бұл күн, ерлер қауымының тағы да өздерінің ардақты аналары, сүйікті де сүйкімді қыздары мен әйелдерін қамқорлыққа ала, сый-сиапаттарын көрсететін күн.

«Халықаралық әйелдер күні» деген ресми мәртебені бұл мереке БҰҰ-ның шешімімен 1975 жылы алды, және де жыл сайын «Халықаралық бейбітшілік және әйелдердің құқығы үшін халықаралық күрес күні» ретінде аталып өтіледі.  Бұл күні саяси және экономикалық, мәдени, тілдік, этникалық және ұлтаралық айырмашылықтардан талай рет бөлінулеріне тура келетін барлық континент әйелдері бас қосып, тіпті болмағанда, даму мен бірлік, әділеттілік, теңдік үшін неше онжылдықтардағы күресті әспеттейтін дәстүрді естеріне алуға мүмкіндіктері туындайды. 

Қазақстанда бұл күн мерекелік және демалыс күні болып табылады. Көптеген ұйымдарда әйелдерге арналған мерекелік шаралар өтеді. 2015 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі 8 Наурызға арналған ескерткіш ақшасын шығарды. Құны 100 теңгелік күміс ақша 28 қаңтардан бастап айналымда, оны Ұлттық банктің барлық бөлімшелерінен, сонымен қатар интернет-дүкен арқылы алуға болады.