Қазақстанда жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекс ұсынылмақ - Kazakh TV

Жер қойнаулары және жер қойнауларын пайдалану Кодексі инвесторлар үшін рәсімдерді барынша  жеңілдетпек. Заң жобасын талқылаған сарапшылар осындай ой түйіп отыр. Оған сай елде кен орындарын пайдалануға беру тәртібі жеңілдетіліп, лицензия енгізілмек. Кодекс австралиялық тәжірибеге негізделген. Мұнымен қоса, жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуына мемлекеттік бақылау алынатын болады. Жергілікті қамту жөніндегі талаптар да жойылмақ. Яғни барлық жүйе ДСҰ-ның ережелеріне сәйкестендірілуде.

 

Кодексте салық мәселесін шешу бойынша біршама жаңашылдықтар қарастырылған. Жоба авторлары Жер Кодексі мен Салық Кодексі бірге қолданылуы керек деген ұсыныс жасап отыр.

 

Төлеген МҰҚАНОВ, ТАУ-КЕН ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ:  

Мысалы, біз шығарған өнімді сатқан кезде салық салынуы тиіс дейді. Бұл бір жағынан дұрыс емес. Себебі бірнеше кезеңдер болады. Жер қойнауынан алғанда, сататын болсақ төлеу керек, концентрат шығаратын болсақ, оған төлеу керек, металл шығарсақ, төлеу керек. Кейін біздің шығарған өніміміз бәсекелестікке жарамай қалады.  Сондықтан біз бұрыннан келе жатқан НДПИ бойынша қалу керек деген ойымыз бар.

 

 Жоба авторлары жаңа Кодекс жобасын алдағы жазда Үкіметке ұсынуды көздеп отыр. Әзірге құжат жан-жақты талқыланып, қажетті өзгерістер енгізілмек.



Oкшош жаңылыктар

Комментарии