Бозшакөл кен байыту комбинатына жаңа технологиялар орнатылған соң өндіріс орны өнімдерді арттырып, шығындарды азайтты. Сонымен қатар, кәсіпорынды цифрландыру нәтижесінде өндіріс қуаты артты. Өткен жылы зауытқа берілген міндеттемелер межеден асып түсіпті. Жоспарлы 42 миллион тоннаның орнына 44 миллион тау-кен массасы өндірілген.

ФЕДОР КРАВЧЕНКО, БОЗШАКӨЛ КЕНІШІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бүгінгі таңда кеніштің тереңдігі 90 метрді құрайды. Ұзындығы 1,5  жарым шақырымға жеткен. Келешекте 350 метрге тереңдетіп, 8 шақырымға ұзартуды көздеп отырмыз.

Мыс концентратын өндіретін елдегі бірегей зауыт – заманауи технологиямен жабдықталған. Қазылған кен 140 тонналық жүк көліктерімен өңдеу фабрикаларына тасымалданады. Тау қатпарынан алынған тастар ұнтақталады. Инновациялық жобаның арқасында куат көздері ғана емес адами ресурс та үнемделеді.

СЕРГЕЙ ЛЕУ, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ:

 - Барлық кен байыту кешендері небәрі 5-6 адамның қатысуымен басқарылады. Басқа еңбеккерлер  техникалық қызметтермен, жоспарлау жұмыстарымен  айналысады. Бізде тек карьердегі жұмыстар адамның қолымен атқарылады. Өйткені жүргізушісіз басқарылатын көліктер пайда болған жоқ.

Айта кетейік, комбинат алған өнімнің 90 пайызын экспортқа жібереді. Отандық дайын өнімдер алыс- жақын елдердің бәріне тасымалданады.  

СЕРГЕЙ ЛЕУ, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ:

 - Біз  мыс және  молибден концентратын аламыз. Олар  Ресей және Қытай еліне экспортталады. Отандық өндірістерден  Балқашқа жөнелттік. Біздің кенішіміз мыс-молибден алуға бағытталған. Алтын мен күміс өндіріс барысында алынатын қосалқы элементтер.

Мамандар тау-кен байыту комбинатында 40 жылға жететін қордың барын айтады. Кен орнының пайдалы қазбалары 1 миллиард тоннадан асады.



Oкшош жаңылыктар

Комментарии