«Алтын адам» Минскте

Алғаш рет  шекара асып, Минскте  көпшілік назарына ұсынылған «Алтын адам» экспонаты мен өзге де ұлттық жәдігерлерге беларусь халқының ықыласы жоғары. «Алтын адам» әлем музейлерін аралайды» халықаралық жобасы шеңберіндегі көрмеге әлем өнеріндегі басты шара деген баға берілді. Минск көркем музейінің басты залына елімізден жеткізілген 232 экспонат пен алтыннан жасалған 120 әшекей қойылды.

АЛЛА ГАВРИЛОВА, БЕЛАРУСЬ ҰЛТТЫҚ КӨРКЕМ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Бұлар түпнұсқалар. Менің ойымша біздің көрермендер бұл жәдігерлермен алғаш рет танысайын деп отыр. Тіпті бүкіл ТМД елдерінің ішінде бірінші десем де болады. Ал мына "Алтын адам" көрменің басты жәдігері. Ол қазір қала көшелерінің барлық жарнамалық тақтасында ілініп тұр. Өйткені соған лайық.

Біздің заманымызға дейінгі 7-ші ғасырдағы бұйымдар адамзат тарихындағы ең ежелгі жәдігерлер саналады. Ал сақ алтындары 1969 жылы Алматыға жақын жерде табылған болатын. Оны әйгілі қазақстандық археолог Кемал Ақышев бастаған экспедиция ашты. Сақ көсемінің бас және үстіңгі киімінің әшекейлері қаз қалпында сақталыпты. Бұл Алтын адамды жинап, құрастыруға мол мүмкіндік берді.

ЕЛЕНА СЕНЬКЕВИЧ, БЕЛАРУСЬ ҰЛТТЫҚ КӨРКЕМ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Сіздің елде табылған мына экспонаттар туралы тарихқа қанықпын. Қазақстан үшін өте маңызды болып саналатын бұл жаңалықты Мысырдағы Тутанхамон қабірінің табылуымен салыстыруға болады.

Көрмеге елімізден әкелінген жәдігерлер 10 миллион еуроға сақтандырылған. Экспонаттар аса құнды болғандықтан көрме оқ өтпейтін шынылармен қорғалыпты. Айта кетейік, Беларусь тұрғындары тарлан тарих үшін аса маңызды ежелгі алтын жәдігерлерді айдың соңына дейін тамашалай алады.