Қазақстан ел экономикасына шетелден қаржы тарту бойынша Орталық Азияда көш бастап келеді

Қазақстан ел экономикасына шетелден қаржы тарту бойынша Орталық Азияда көш бастап келеді. Мемлекетте инвесторлар мен кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Өткен 2017 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша елімізге 15,8 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Сарапшылардың айтуынша, отандық жобалардың инвестициялық тартымдылығына негізінен ресурстардың әлемдік бағасы, тұтынушыларға жеткізу мен өндірістің өзіндік құны және компанияның қор жинау мүмкіндіктері оң әсерін тигізуде.

СЕРГЕЙ ДОМНИН, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚОРЫ ЖАНЫНДАҒЫ   ЭКСПЕРТ ИМЭП ПРИ ФОНДЕ ПЕРВОГО ПРЕЗИДЕНТА РК:

Былтыр және биылғы инвистиция өсімінің артуын еліміздегі тау-кен өндірісі секторында қолға алынған бірқатар ірі жобалармен байланыстырып отырмыз. Бұл негізінен мұнай мен кен және металл өндіру жұмыстарымен тікелей қатысты. Ауылшаруашылығында даму көрсеткіштері қарқынды түрде артып келеді. Өткен жылы салаға қаржы ағыны шамамен 29-30 пайызды құрады. 

Сарапшылардың айтуынша, еліміздің жаһандық қауіпсіздік мәселелерді шешудегі бейбітшілік бастамалары, қалыпты сыртқы саясаты мен әлемдік қауымдастықпен санасуы Қазақстанның шетелдік әріптестермен екі жақты табысты байланыс орнатуының кепілі болып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанның ірі инвестор елдерінің ондығына АҚШ, Швейцария, Қытай, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Италия, Жапония және Белгия мемлекеттерін енгізуге болады. 2018-2022 жылдарға арналған жаңа инвестициялық стратегияда тағы 36 елмен қарым-қатынасты дамыту көзделіп отыр.

ДИМИТРИС ОРФАНОС, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ /ГРЕКИЯ/:

 - Біз бұл жерде мол мүмкіндіктерді көріп отырмыз. Қазақстан өте бай ел және шетелдік бизнеспен әріптестік орнатуға дайын. Біз жергілікті тараптан бірлескен жобаларды жүзеге асыруға құлшыныс танытып отырғанын аңғардық. Бізде мұндай байланыс жасауға мүдделіміз. Инвесторлар өздеріне барынша жағдай жасалған елде кәсібін дөңгелетіп қаржы құюға ниетті.

Ағылшын құқығы негізінде Елордада жұмысын бастап кеткен «Астана» халықаралық қаржы орталығы 2025 жылға дейін ел экономикасына сырттан 40 миллиард доллар тартуды көздеп отыр. Ол үшін орталықта инвесторлардың мемлекетімізге қызығушылығын арттыратын бағдарламалар қабылданып жатыр. 2018 жылдың шілде айында заңды күшіне енетін жер қойнауы мен пайдалы қазбаларды пайдаланушыларға арналған жаңа Кодексте еліміздің аумағына шетелдік компаниялардың ағынын арттыруға бағытталған. Құжатқа сай жер қойнауын пайдалану және оған қажетті рәсімдеу тәртібі жеңілдетілмек. Мәселен бұл іспен айналысам деушілердің жобасы бұрынғыдай 4 емес тек 1 сараптамадан өтетін болады. Сондай-ақ кен өнідірісі мен барлау жұмыстарына қатысты өтінішті қарау мерзімі қысқартылды.