Халық қара суға зәру

Қақтығыс пен дағдарыс жайлаған Йемен астанасы Сананың халқы бір жұтым суға зар болып отыр. Тіршілік көзіне қол жеткізу үшін тұрғындар ұзақ кезекте тұруға мәжбүр. Оның өзінде, суды үкіметтік құзырлы органдар емес, жекеменшік жеткізушілер әкелуде.

 

Анджела ӘБУ ИСБАА, АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІ:

 

"Адамдар ауыз сусыз отыр. Сондықтан әр көшенің бұрышына арнайы қоймалар орнатуға тура келуде. Бірақ су тасушылар оларды күніне бір рет толтырып, 2-3 күннен кейін бір-ақ келеді".

 

Белсенділер бұған дейін ел бойынша 4 миллион тұрғынға тіршілік көзін жеткізгенін айтады. Бірақ бұл мардымсыз. Жалпы, Йемен - әлемдегі су қорының тапшылық тауқыметін талайдан тартып келе жатқан елдің бірі. Жергілікті жұртты тығырыққа тіреп, өмір сүру жағдайын ауырлатып отырған мәселе тек бұл ғана емес. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, халықтың 80 пайызына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жетіспейді.

 

Мохсен ӘЛ-АГБАРИ, ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН:

 

"Су мәселесі - Йемендегі ең маңызды проблеманың бірі болып саналады. Ең сорақысы бұл түйткілді үкіметтік қызмет көрсету орындары шеше алмай отыр. Олардан халыққа қайыр жоқ". 

 

Мохаммед ӘЛ-АСАДИ, ЮНИСЕФ ӨКІЛІ:

 

"Йеменде 19 миллион 300 мыңнан астам адам ауыз су жеткізу қызметіне мұқтаж. Сонымен қатар, айналадағы тазалықты сақтау ісі де қатты ақсап  тұр. Осы сияқты өткір мәселелер Йеменде бұрын-соңды болмаған еді. ЮНИСЕФ жергілікті сумен қамтамасыз ететін мекемелермен және азаматтық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеп отыр".

 

Йеменде 2014-ші жылы үкімет әскері мен шиіттік бүлікші хуситтер арасында соғыс басталып, кейін "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" мен "Әл-Каида" содырлары елге басып кірді. Содан бері қырғыннан 9 мыңнан астам адам қаза тапты. Оның жартысы – бейбіт тұрғындар. Мыңдаған йемендік босқынға айналды. 

 

Сурет: k-popov.ru

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өңірінің джаз оркестрі музыканттары Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады

Шығармашылық ұжым отандық және шетелдік композиторлардың үздік туындыларын орындады.

Созақ өңірінің әулиелеріне арналған беймәлім күй ұлттық мұралар қорына енеді

Ұлттық өнеріміздің жанашырлары ел аралап, көнекөз қариялардан ескі ән-күй, терме-дастандарды жазып алып жатыр.

Латвия мен Украина саясаттанушылары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

Жылы лебізін білдіргендер қатарында Латвия саясаткерлері де бар. Өткен жыл Рига мен Астана үшін жемісті болды.

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4 пайыздан асты

Өнеркәсіп, тау-кен, өңдеу және электрмен қамту сынды салалардың қай-қайсысы ел экономикасын еселеді.

Еуропарламент Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығын мақұлдады

Астанада 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған келісімге қолдау білдіру үшін 654 депутаттың 511-і дауыс берген.

Ел тәуелсіздігіне – 26 жыл

Бүгін еліміз тәуелсіздіктің 26 жылдығын атап өтуде. 1991 жылы 16 желтоқсан еліміз өз мемлекеттілігін жариялаған болатын.

Барлық жаңалықтар