Қазақстан бастамасымен өткен БҰҰ ҚК отырысы

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «Ауғанстан үшін серіктестер: өзара қауіпсіздік Орталық Азияның дамуы мен бейбітшілігі» тақырыбында отырыс өтті. Алқалы жиын Қазақстанның бастамасымен ұйымдастырылған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесіне арналған саяси жолдауындағы жеті басымдықтың ішінде Ауғанстан бейбітшілігі үшін көмек көрсету, экономикалық және әлеуметтік дамуына қол ұшін созу және Орталық Азияда бейбітшілік аймағын құруды ерекше атап өтті. Еліміздің делегациясы Ауғанстанға қауіп-қатер ретінде емес, әлеуеті айқын, маңызды және келешегі зор серіктес ретінде қарау керек деген түбегейлі ұстанымын жеткізді.  БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров Ауғанстан және көршілес елдердердің экономикалық интеграциясының маңызды екенін айтты. Сондай-ақ, транзитті-көліктік инфрақұрылым, сауда-экономика, инвестиция және энергетика салаларында серіктестікті кеңейтуді ұсынды. Бұған қоса, дипломаттар бүкіл әлем бойынша қақтығыс аймақтарында қолдануға болатын модель ретінде үш аспектіні атап көрсетті.

ҚАЙРАТ ОМАРОВ, БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

 - Қазіргі кезде қауіпсіздік пен даму мәселелерін жеке елдер емес, аймақтық деңгейде ғана шешуге болады. Себебі түйіні тыста болған көптеген мәселелерді шешу жеке бір мемлекеттің қолынан келмейді. Сондай-ақ халықаралық қайырымдылық көмек мөлшері азайып жүрген кезде, БҰҰ-ының құрылымдары өзара бәскелеспей, жүйелі әрі үйлесімді стратегияны қалыптастыруы қажет.  Бұл ұйымның агенттіктері және бағдарламалары арасында өзара әрекеттесуін БҰҰ жұмысының  тиімділігін арттырады. Сондай-ақ қаржыны үнемдейді.

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда жағалаудағы жартастар туристік нысанға айналмақ

Мұндағы үңгірлер абаттандырылып, жартасты жағалай 2 шақырым жерге сүрлеу жол салынып, жасанды сарқырама іске қосылады.

Биыл Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниеге келгеніне 160 жыл толады

Атаулы датаға орай Семейдегі Абай мұражайында көрме ашылып, ойшыл тұлғаның 100-ден астам көне жәдігері қойылды.

Кувейтте Қазақстанның мәдени күндері өтті

Жиында Қазақстан тарихын кеңінен таныстыратын бейне роликтер көрсетіліп, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз насихатталды.

Еліміздің оңтүстік өңірінде ауылшаруашылығы өнімдерін шетелге экспорттау көрсеткіші артты

Қызылордада өткен жылы 7 мың 600 тонна су маржаны сүзілген. Оның 3 400 тоннасы өңделіп, экспортқа жөнелтілді.

Қазақстанда кәсіпкерлікті бақылау жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр

Еліміздің Парламенті Мәжілісінде кәсіпкерлікті реттеу бойынша өзгерістер енгізудің жаңа жобасы қаралды.

Қазақстан Қытайға газ тасымалын арттырды

Қытайға тасымалданатын қазақстандық газдың көлемі 10 млрд текше метрге дейін артады.

Барлық жаңалықтар