Астана процесі: Сириядағы қақтығысты реттеуге мүдделі тараптар Астанада жиналды

Сириядағы қақтығысты реттеуге мүдделі тараптар Астанада жиналды. Әлем үшін маңызды келіссөздердің алтыншы кезеңіне Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Джафари бастаған Сирия үкіметінің делегациясы мен Сирия қарулы оппозицияның өкілдері келді. Сондай-ақ, кепіл беруші мемлекеттер - Ресей, Иран, Түркия делегаттары да жеткен. Ресей делегациясына ел президентінің арнаулы өкілі Александр Лаврентьев басшылық жасауда. Түркия және Иран делегацияларын осы елдердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Седат Онал мен Хусейн Джабери Ансари бастап келді. Сонымен қатар, сириялық дағдарысты реттеу процесіне БҰҰ бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура, Иордания сыртқы істер министрінің кеңесшісі және алғашқы рет АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы көмекшісінің қызметін атқарушы Дэвид Саттерфильд қатысып отыр.  Бұл жолғы келіссөздерде Идлиб провинциясында төртінші деэскалация аймағын құру мәселесі шешілмек. Сондай-ақ, бұған дейінгі уағдаластықтардың орындалу барысы қарастырылады. Еске салсақ, 3-4 мамырда өткен Астана процесі келіссөздер қорытындысы бойынша Ресей, Түркия, Иран сынды мемлекеттер Сирияда қауіпсіз аймақтарды құру туралы меморандумға қол қойған болатын.

Астана процесі әлем елдерінің назарында. Неміс саясаттанушысы Маттиас Дорнфельдт Қазақстанның медиатор және адал делдал ретіндегі рөлі айрықша екенін атап өтті. 

 

МАТТИАС ДОРНФЕЛЬДТ, САЯСАТТАНУШЫ:

 - Еуропа Астанада өтіп жатқан келіссөздерді қолдап отыр. Жағдайдың реттелуіне аз қалды. Еуропаға қарай ағылған босқындар бізді кәдімгідей алаңдатады. Көптің пайымы бойынша, аймақта мәселе шешілсе, сириялықтар атамекенінен бас сауғалауды доғарады. Түркия мен Еуропаға қоныс аударған босқындардың отанына қайтуға мүмкіндік туар еді. Көріп отырғанымыздай, Сириядағы кикілжіңді шешу оңай шаруа емес. Осы тұста Қазақстан мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қосып отырған үлесін атап өткім келеді. Менің ойымша, Қазақстан өзге де мәселелерді шешуде маңызды рөл атқара алады.

 

Астана Таяу Шығыс еліндегі 6 жылдан асқан мәселенің шешімін табуға өз үлесін қосып, алқалы жиынға алтыншы рет алаң ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өңірінің джаз оркестрі музыканттары Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады

Шығармашылық ұжым отандық және шетелдік композиторлардың үздік туындыларын орындады.

Созақ өңірінің әулиелеріне арналған беймәлім күй ұлттық мұралар қорына енеді

Ұлттық өнеріміздің жанашырлары ел аралап, көнекөз қариялардан ескі ән-күй, терме-дастандарды жазып алып жатыр.

Латвия мен Украина саясаттанушылары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

Жылы лебізін білдіргендер қатарында Латвия саясаткерлері де бар. Өткен жыл Рига мен Астана үшін жемісті болды.

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4 пайыздан асты

Өнеркәсіп, тау-кен, өңдеу және электрмен қамту сынды салалардың қай-қайсысы ел экономикасын еселеді.

Еуропарламент Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығын мақұлдады

Астанада 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған келісімге қолдау білдіру үшін 654 депутаттың 511-і дауыс берген.

Ел тәуелсіздігіне – 26 жыл

Бүгін еліміз тәуелсіздіктің 26 жылдығын атап өтуде. 1991 жылы 16 желтоқсан еліміз өз мемлекеттілігін жариялаған болатын.

Барлық жаңалықтар