Берлин конференциясында Ұлы Жібек жолын жаңғырту мәселесі талқыланды

ІСКЕРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан жаңа Жібек жолын дамыту ісінде маңызды рөл атқарады. Берлинде өткен халықаралық конференцияға қатысушылардың пікірі осындай. Бундестаг депутаттары, саясаткарлер мен қаржыгерлер Еуропа мен Азияның логистикалық әлеуетін және Ұлы Жібек жолын жаңғырту бағытындағы жаңа жобаларды талқылады. Олар Қазақстан мен Германияның жүк тасымалдау және Ақтау портының теңіз инфрақұрылымын дамыту саласындағы белсенді серіктестігін ерекше атап өтті. Германиядағы елші Болат Нүсіпов форумға қатысушыларды Қазақстанның көлік-транзиттік саласындағы мүмкіндігі және жоспарымен таныстырды. Қазақстан 2010-2015 жылдар аралығында көлік және транзит әлеуетін дамытуға 10 млрд доллар қаржы жұмсаған. Бұл өз кезегінде инвестиция тартумен кәсіпкерлікті дамытуға жол ашты.

 

ГЕРНОТ ТЕШ, РОСТОК ПОРТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

- Қазақстанның мүмкіндіктері мен әлеуеті зор және саяи жағдайды тұрақты. Біз үшін транзиттік ел ретінде өте маңызды. Еуропаға Қытай мен басқа елдерден жеткізілетін тауарлар Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Сондықтан бізге Қытай мен Қазақстанның солтүстік Еуропамен байланыстары жоғары болғаны керек.  Біздің мақсатымыз да сол. Қазақстанның темір жол компаниясымен  келісімшарт жасағаннан бері бірлесіп атқаратын  жұмыс  көлемі  едәуір артты.

 

СЕРГЕЙ АНАШКИН «KTZ EXPRESS» КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

- Қытаймен екі ортадағы шекарада инфрақұрылымы толық жасалған, жаңа теміржол магистралі  ашылды. Ол бізге Жібек жол дәлізінің «Шығыс-Батыс» бағытындағы  негізгі жолдарды Парсы шығынағы мен Орталық Азия елдері және Транскаспий бағытымен  жалғау мүмкіндігін берді. Сонымен қатар  еліміз Қорғастың инфрақұрылымына инвестиция салып, құрғақ порт құрылды.

 

Еліміздің Жібек жолы бойындағы мүмкіндіктеріне қызығушылар көп. Ресейдің Татарстан Республикасы аталған сауда жолында жатқан Алматы облысымен экономикалық байланысты нығайта түспек. Шетелдік делегация «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы мен «Алтын-көл» теміржол станциясында болып, «Қорғас-Шығыс қақпа» еркін экономикалық аймағындағы нысандардың жұмысымен танысты. Кездесу соңында сауда-саттықты дамыту инвестициялық ахуалды жақсарту, азық-түлік, өңдеу өнеркәсібі мен баламалы қуат көзін өндіру мәселесіндегі қарым-қатынастарды нығайтуға арналған екі жақты меморандумға қол қойылды.

 

ВАЛЕРИЙ ЧЕРШИНЦЕВ, МЕНДЕЛЕЕВ МУНИЦИПАЛДЫ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Біз үшін бұл өте маңызды іссапар болды. Екі жаққа да өте пайдалы келісімдер жасалды. Алматы облысына ауыл шаруашылығы өнімдерін, жеміс-жидек, көкөніс жеткізгіміз келеді. Тыңайтқышпен де үздіксіз қамтамасыз ететіндей қауқарымыз бар.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өңірінің джаз оркестрі музыканттары Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады

Шығармашылық ұжым отандық және шетелдік композиторлардың үздік туындыларын орындады.

Созақ өңірінің әулиелеріне арналған беймәлім күй ұлттық мұралар қорына енеді

Ұлттық өнеріміздің жанашырлары ел аралап, көнекөз қариялардан ескі ән-күй, терме-дастандарды жазып алып жатыр.

Латвия мен Украина саясаттанушылары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

Жылы лебізін білдіргендер қатарында Латвия саясаткерлері де бар. Өткен жыл Рига мен Астана үшін жемісті болды.

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4 пайыздан асты

Өнеркәсіп, тау-кен, өңдеу және электрмен қамту сынды салалардың қай-қайсысы ел экономикасын еселеді.

Еуропарламент Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығын мақұлдады

Астанада 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған келісімге қолдау білдіру үшін 654 депутаттың 511-і дауыс берген.

Ел тәуелсіздігіне – 26 жыл

Бүгін еліміз тәуелсіздіктің 26 жылдығын атап өтуде. 1991 жылы 16 желтоқсан еліміз өз мемлекеттілігін жариялаған болатын.

Барлық жаңалықтар