Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын енгізу бойынша жұмысты бірізді жүргізіп келеді. Реформалау шаралары барлық салаларды дерлік қамтып отыр. соның ішінде, зейнетақы жүйесі де жетілдірілуде. Атап айтқанда, Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Аталған орган зейнетақы жинақтау жүйесін жаңғырту мәселелерін талқылап, қор қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Тәуелсіз консультативтік-кеңес беру органының құрамына қаржы нарығының белгілі сарапшылары, саясаттанушылар, журналистер және блоггерлер енді. Сондай-ақ, Қордың өңірлердегі филиалдарында жүйелі негізде Ашық есік күндерін өткізу жоспарланған. Бұл шаралар барысында әрбір қазақстандық өзін қызықтырған мәселе бойынша ақпарат ала алады. Еске салсақ, 2018 жылдан бастап Қазақстанда базалық зейнетақыны жаңа әдістеме бойынша есептеу жоспарланып отыр. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу мезгіліне байланысты болмақ.

 

МҰРАТ ШӘРІПОВ, «БЗЖҚ» АҚ АСТАНА Қ. ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- 10 млн 400 шот ашылған болатын. Міндетті зейнетақы шоты бар. 9 млн 600. Кәсіби, ерікті зейнетақы  шоттары ашылған. Бүгінде қорда 6,7 трлн-нан астам ақша жиналған. Олар инвестициялық құралдарға орналастырылып, пайда алу жұмыстары жүргізілуде.

 

Атап айтсақ, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып зейнетақы жүйесін реформалауды қолға алған мемлекет, және бүгінгі күні аймақта осы салада көшбасшы болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өңірінің джаз оркестрі музыканттары Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады

Шығармашылық ұжым отандық және шетелдік композиторлардың үздік туындыларын орындады.

Созақ өңірінің әулиелеріне арналған беймәлім күй ұлттық мұралар қорына енеді

Ұлттық өнеріміздің жанашырлары ел аралап, көнекөз қариялардан ескі ән-күй, терме-дастандарды жазып алып жатыр.

Латвия мен Украина саясаттанушылары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

Жылы лебізін білдіргендер қатарында Латвия саясаткерлері де бар. Өткен жыл Рига мен Астана үшін жемісті болды.

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4 пайыздан асты

Өнеркәсіп, тау-кен, өңдеу және электрмен қамту сынды салалардың қай-қайсысы ел экономикасын еселеді.

Еуропарламент Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығын мақұлдады

Астанада 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған келісімге қолдау білдіру үшін 654 депутаттың 511-і дауыс берген.

Ел тәуелсіздігіне – 26 жыл

Бүгін еліміз тәуелсіздіктің 26 жылдығын атап өтуде. 1991 жылы 16 желтоқсан еліміз өз мемлекеттілігін жариялаған болатын.

Барлық жаңалықтар