Мемлекет басшысы Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті елдегі қоғамдық қауіпсіздік ахуалын жақсартуға бағытталған реформалардың маңыздылығын атап өтті.

– Осы жылдар ішінде біз барлық салада реформа жасап келеміз. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығының қорытындысы бойынша экономикалық өсім және тұрғындардың әл-ауқаты артқанын байқаймыз. Алайда, құқық қорғау органдары қызметінің мәселелері ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Біз тиісті шаралар қабылдап, заңнамаларға өзгерістер енгізудеміз, – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы бұрынғы кезде тіркелген қылмыстар саны алдыңғы жылғы көрсеткіштен көп болса, құқық қорғау органдары жазаланып отырғанын айтты.

– Жазадан қашып, мәліметтерді жасырған немесе өзгерткен жайттар кездесіп жататын. Ал қазір фактілер міндетті түрде тіркелуі тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентіне Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды орындау барысында бизнес өкілдеріне жүргізілетін тексерістер санын азайту мақсатымен қабылданған шаралар туралы айтылды. Бұдан бөлек, Бас прокурор құқық қорғау саласындағы мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайту, экономикалық құқық бұзу жайттарымен күресу үшін кадрлар даярлау жөнінде жүргізіліп жатқан іс-шараларды атап өтті.

Ж.Асановтың айтуы бойынша, Бес институционалдық реформаны және Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын іске асыру барысында қазіргі уақытта прокуратура органдары алдына қойылған міндеттерді орындау, атап айтқанда, әкімшілік және қылмыстық үдерістерді электрондық-цифрлық форматқа көшіру, сондай-ақ жекелеген жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

– Қоғамдық қауіпсіздікті жақсартудың тағы бір индикаторы – бас бостандығынан айырылғандар саны. Қазақстанда олардың саны 90-шы жылдардың басында 100 мыңға жуық еді, бүгінде бас бостандығынан айыру орындарында одан үш есе төмен – 36 мың адам отыр, – деді Бас прокурор.

Соңында Мемлекет басшысы ел заңнамасы нормаларының сақталуын бақылайтын орган ретінде прокуратураның айрықша рөлін атап өтіп, Бес институционалдық реформа мен Қазақстан халқына жолдаудың іске асырылу барысын қатаң бақылау қажеттігін айтты.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-пен серіктестік: Теңіз кеніші жобасы

Жобаға 3 трлн теңге жұмсалмақ. Нәтижесінде кеніштен алынатын мұнайдың жылдық көлемі 12 млн тоннаға артып, 37 млнға жетеді.

Америкалық сарапшылар Елбасы Н.Назарбаевтың сапары туралы

Еліміз үшін жетекші инвесторлардың бірі АҚШ-пен жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асатын жиырмадан астам келісімге қол қойылды.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев БҰҰ ҚК отырысына қатысты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға шақырды.

«Астана Опера» театры Кувейтте өткен Халықаралық Мәдениет фестиваліне қатысты

Қазақстандық өнерпаздар Кувейт мәдениетінің ордасына айналған Абдулхусейн Абдулрида атындағы театрда өнер көрсетті.

Ұлттық мұражайда «Уақыт пен Астана: Болашақтан кейін» атты заманауи өнер көрмесі ашылды

Көрмеге 25 жоба авторының тырнақалды еңбегі қойылған.

Еліміздегі қасиетті көне мекендерінің тізімі жасалды

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының аясында оған мемлекеттік тарихи маңызы бар 185 жер, өңірлік 500 орын енді.

Барлық жаңалықтар