Қазақстанда үздік қысқаметражды фильм анықталды

Қазақстанда үздік қысқаметражды фильм анықталды. Жаңа есімдер Алматыда мәресіне жеткен «Бастау» халықаралық студенттік байқауында көпшілікке жария болды.  Биыл 6-мәрте шымылдығын ашқан фестивальге қатысқан 40-қа тарта ел үміткерлерінен 300-ден астам өтініш келіп түскен.

 

СЕРГЕЙ АЗИМОВ, «БАСТАУ» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Кино – халықаралық өнер. Сондықтан жастарға, қазір оқып жүрген балаларға осы байқау ауадай қажет. Конкурс болған жерде көркемдік, кәсіптік деңгейі өседі. 

 

Түрлі жанрда бәйгеге тігілген жүлдеден дәмелілердің туындылары бір жарым ай бойы беделді сала майталмандарының сын садағына іліккен.     Қорытынды кезеңге саралаудан тек 60-қа тарта авторлық жұмыс сүрінген жоқ. Сарапшылар 11 аталымға лайықтыларын анықтауға барынша тырысып баққандарын айтады. 

 

ХИРО НАРИТА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ, ҚОЮШЫ-ОПЕРАТОР, АҚШ

Дарынды жастардың жұмыстары  кәсіби шеберлікпен орындалған. Әрбірі кино әлемінде толағай табыстарға жете алатыны күмән  тудырмайды. Бастамалары өте керемет. Оны өрбітіп, жетілдіре түскендері көпшілікке танымал болатыны сөзсіз.

 

Байқаудың бас жүлдесі ресейлік жас режиссер Георгий Поротовтың жанұядағы тұрмыстық қатынастарды суреттеген "Офлайндағы отбасы" атты фильміне бұйырды. Мәдени шара барысында шет елден келген танымал қонақтар мен қазылар алқасы шеберлік сыныптар мен шығармашылық кездесулер өткізді.  

 

Сурет: brod.kz

Соңғы жаңалықтар

Қостанай орыс драма театрының Израильге гастролі

«Театрлық дивэртисмент» фестивалі аясында қойылым көрсеткен әртістер шетелдік көрермендерді кәсіби шеберлігімен тәнті етті.

Елордада «Этнос күні» қалалық жобасы қорытындыланды

Бір жыл бойы жалғасқан шара аясында кавказ және шығыс халықтарының күндері ұйымдастырылған болатын.

Ордабасы тауы туристік нысанға айналады

Ол үшін «Ордабасы» тарихи-мәдени қорығын абаттандыру жобасы жасалып жатыр.

Ғалымдар латын әліпбиі арқылы қазақ тілінің төл табиғатын қалпына келтірмек

Енді әліпбиде 32 әріп, оны үйрену қиын емес. Академик Мұрат Жұрынов осы әліпбиді қолдап, тезірек тәжірибеге енгізу керек дейді.

Астанада ТМД жастарының ғылыми-зерттеу орталығы ашылады

Бұл туралы елордада өткен жастар ісі жөніндегі кеңесте айтылды. Басқосуға аймақтағы елдердің жастар саясатының өкілдері қатысты.

Өзбек дизайнерлері Қазақстан атынан өз дәстүрін Мәскеуде өтетін этносән байқауында ұсынады

Бірлігі жарасқан көп ұлтты мемлекетімізде әрбірінің төл тарихы, мәдениеті мен өнері құрметтеліп, насихатталуына шектеу жоқ.

Барлық жаңалықтар