ЕХРО-2020 көрмесінде «EXPO and WOMEN» павильоны тұрғызылатын болады

Дубай қабылдайтын ЕХРО-2020 көрмесінде «EXPO and WOMEN» павильоны тұрғызылатын болады. Кешенде заманауи технологиялар бағытындағы әлемнің белсенді нәзік жандыларының озық деген инновациялық жобалары қойылмақ. Бір жарым ғасырдан астам тарихы бар дүниежүзілік шарада бұрын-соңды болмаған  жаңашылдық Елордада өтіп жатқан көрме аясында ұйымдастырылған екінші халықаралық әйелдер форумында ұсынылды. Қазақстанның іскер азаматшаларының бастамасы басқосуға қатысқан  алты  бірдей  парсы мемлекеттері елшіліктерінің қолдауын тапты. Жақын арада жер бетінің бар құрлықтарында болашақ павильонды насихаттап, атсалысам деген бизнестегі, ғылымдағы бұрымдылар мен қызықты жобаларды іріктейтін өкілдіктер ашылмақ.

 

САЛТАНАТ РАХЫМБЕКОВА, «EXPO & WOMEN»: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 - Әріптестер табылып жатқанына біз өте қуаныштымыз. Оларға біздің ойымыз павильонды ұйымдастыру және осындай форумды ұйымдастырып тәжірибе алмастыру осы арқылы дүниежүзіне жариялау жетістіктерді, бизнес жобалар бар екенін әлеуметтік салаларды көтеретін, экономиканы көтеріп ықпал жасайтын бизнес жобаларды жүзеге асыруға осындай алаңдар ықпал етеді.

 

Айта кетейік, халықаралық әйелдер форумы жасыл экономика мен баламалы қуат көздері, қоршаған ортаны қорғау және қайырымдылыққа үндеу сынды игі істерде жүрген нәзік жандылардың жетістіктерін паш ету қамында ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Домбыра құдіреті

Павлодарда атақты адамдардың жан серігіне айналған 20-ға жуық ерекше домбыра бір жерге топтастырылды.

Астананың сәулетті ғимараттары

Жуырда Астанада «Жібек жолының алтын көпірі» кешені.

Венада Астананның туған күніне арналған веложарыс өтті

Веломарафонға қатысушылар арасында ЕҚЫҰ және БҰҰ-ның өкілдерімен қатар шет елдік елшілер де бар.

Орталық Азия елдеріне инвестиция тарту

Астанада Польша елінің инвестиция және сауда агенттігінің бөлімшесі ашылды.

Қазақстан мен ЕАЭО сауда айналымы

Өткен жылы республиканың Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен тауар айналымы 17,5 млрд долларға дейін өсті.

«Астана Опера» театрында әйгілі «Турандот» операсының премьерасы өтеді

Пуччинидің туындысы бойынша қазақстандық суретші сценографтар Қытай ұлттық опера театрымен бірлескен ауқымды жобаны жүзеге асырды.

Барлық жаңалықтар