Әбілхан Қастеевтың немересі Лондон жұртшылығына өз туындыларын ұсынды

Қазақстандық жас суретшілердің туындылары Лондон жұртшылығына ұсынылды. Дәурен Қастеев, қазақ қылқалам өнерінің классигі Әбілхан Қастеевтың немересі – Қазақстанның қазіргі заманауи өнерінің жаңа толқыны. Британиялық көрерменге ол белгілі жазушы Ганс Христиан Андерсеннің ертегілері желісімен салынған картиналарын ұсынды. Лондондықтар, сондай-ақ, бұл күні «Ағыл ертегілері» атты жинағы үшін салынған суреттерді тамашалады.

ДӘУРЕН ҚАСТЕЕВ, СУРЕТШІ:

 - Жаһандану заманында мәдениет алмасу үрдісі өте маңызды. Әлем бізді тани білу керек. Біз бұл жолға жаңа түстік. Болашақта өзімізді насихаттай беруіміз қажет. Өйткені Қазақстанда дарынды адамдар өте көп.

Жас фотограф Евгения Берманның көрмесі де жергілікті жұрттың ерекше сұранысына ие болды. суретші Әсел Шалабаевамен бірлесіп жасаған «Ұлы Жібек Жолымен» атты шығармашылық жобасын көпшілікке ұсынды. Фотосуреттерге шығыс әйелдері мен «Томирис» фильмінің кейіпкерлері керемет ұлттық нақыштағы киімдер киіп түскен.

ЕВГЕНИЯ БЕРМАН, ФОТОГРАФ:

 - Лондондық, мәскеулік танымал фотографтар бар. Ал талантты қазақстандықтар туралы көпшілік біле бермейді. Бірақ Алматыда болсын, жалпы Қазақстанда болсын мақтануға және әлемге танытуға тұрарлық дарындар өте көп.

Суретшілердің өнерін тамашалауға Ресей, Тәжікстан және Қазақстан елшілігінен өкілдер келді. Жергілікті көрермен де көрмеден тыс қалмады. Қонақтар шараны Қазақстанның өнер әлемімен және жас таланттарымен танысудың ерекше мүмкіндігі екендігін айтты.

САУАЛНАМА:

 - Бұл көрменің бір ерекшелігі фольклор, тарих және өнер тамаша тоғысқан. Бұл шығармалар барша британиялық қауымға қолжетімді болуы керек деп ойлаймын.

 - Сурет салу техникасы өте әсерлі. Суретшінің қиялға ерік бере білуі тамаша. Портреттер өте шынайы көрінеді. Мистика мен реализмнің тоғысқандығы да таң қалдырады.

Дәурен Қастеевтың өнеріне тәнті болған британиялықтар оның көрмесін Лондондағы Британ мұражайында өткізуді ұсынды. Евгения Берман да АҚШ-тан келген қонақтардан фотогалереясын Нью-Йоркте ұйымдастыру туралы шақыру алды. 

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өңірінің джаз оркестрі музыканттары Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады

Шығармашылық ұжым отандық және шетелдік композиторлардың үздік туындыларын орындады.

Созақ өңірінің әулиелеріне арналған беймәлім күй ұлттық мұралар қорына енеді

Ұлттық өнеріміздің жанашырлары ел аралап, көнекөз қариялардан ескі ән-күй, терме-дастандарды жазып алып жатыр.

Латвия мен Украина саясаттанушылары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

Жылы лебізін білдіргендер қатарында Латвия саясаткерлері де бар. Өткен жыл Рига мен Астана үшін жемісті болды.

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4 пайыздан асты

Өнеркәсіп, тау-кен, өңдеу және электрмен қамту сынды салалардың қай-қайсысы ел экономикасын еселеді.

Еуропарламент Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығын мақұлдады

Астанада 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған келісімге қолдау білдіру үшін 654 депутаттың 511-і дауыс берген.

Ел тәуелсіздігіне – 26 жыл

Бүгін еліміз тәуелсіздіктің 26 жылдығын атап өтуде. 1991 жылы 16 желтоқсан еліміз өз мемлекеттілігін жариялаған болатын.

Барлық жаңалықтар