Ақтаудағы Тарас Шевченко атындағы әлемдегі ең ірі мұражайға - 85 жыл

Қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне, қылқалам өнеріне өшпес із қалдырған украин халқының ұлы перзенті Тарас Шевченко небәрі 47 жыл ғана өмір сүрсе, соның 7 жылын Маңғыстауда өткізген. Қазақ даласына жер аударылғанымен, киелі өңірдегі жылдар украин жігіті үшін шығармашылықпен айналысуға нағыз сәтті кезең болды. Сол құнды жәдігерлер Форт-Шевченко қаласындағы суретшінің есімін иеленген музейде сақтаулы. Тарас Шевченко аты берілген әлемдегі ең ірі мұражайға 85 жыл толды.

АЙГҮЛ БАЛАБАЕВА, Т.ШЕВЧЕНКО АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙДЫҢ ЭКСКУРСИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

 - Келген туристер бізге осындай сұрақ қояды: «Неге Тарас Григориевич Шевченконы қазақ халқы жоғары бағалап, төрінен музей ашып, бірнеше қаланың, кенттердің атын берді?» деп. Сонда біз ойланбастан М. Әуезовтің сөзімен жауап береміз. Мұхтар Әуезов былай деген екен: Тарас Шевченко ең бірінші суретші реалист, реалистік тұрғыда қазақ халқын, қазақ даласын, қазақ қырын бірінші болып Еуропаға танытқан деп.

Тарас Шевченко шөлейтті өңірді көгалдандыруға да үлес қосқан. Мұражай ауласында оның еккен ағаштары әлі күнге өсіп тұр. Ақынның қазған құдығы да сақтаулы. Құрғақшылық кезінде Тарас жергілікті тұрғындармен бірге 7 метр тереңдіктен су шығарып, бүтін бір ауылды шөлден аман алып қалған екен. Музей қызметкерлерінің айтуынша ақын қазақтармен етене жақын араласқан. Тіпті, олармен қазақша тілдескен көрінеді.

МАҚСАТ ЫСҚАҚОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Бұл ең бірінші украина мен қазақ халқының арасындағы үлкен бір достықтың алтын көпірі іспеттес. Себебі 85 жылдық тарихы бар құнды дүниеден біз көп нәрселер күттік. Осыдан 85 жыл бұрын салынған музейдің іші бүгінде құнды жәдігерлермен әбден толыққан екен. Бір салған суреттерінің өзі 1847-1857 жылғы біздің қазақ халқының қандай өмір сүргенін, кейпін, не кигенін, қандай дүниемен шұғылданғанын сол суреттер бізге айқындап беріп жатыр.

Тарас Шевченко – қазақ пен украин арасына достық көпірін салған алғашқы адам. Музейдің 85 жылдық мерейтойына арнайы келген украиналық меймандар ақын өлеңдері қазақша жазылған жаңа кітапты сыйға тартты.

ВЛАДИМИР КОВАЛЬ, ҚР УКРАИНА ЕЛШІЛІГІНІҢ БІРІНШІ ХАТШЫСЫ:

 - Тарас Шевченконың мұрасы екі ел үшін де ортақ. Сондықтан да біз «Кобзарь» атты белгілі жинақты қазақ тіліне адаруды ұйғардық. Бұл жинақта ақынның барлық шығармалары бар. Қазақ жастары кітапты оқып, оның өмірімен, шығармашылығымен жақынырақ танысады деген ойдамыз.

Маңғыстауда Тарас Шевченкоға қос бірдей ескерткіш орнатылған. Оның бірі Форт-Шевченко қаласындағы музей ауласында, ал екіншісі Ақтаудың орталығында тұр. Бұл ақынның айдауда болған кезеңдегі келбетін дәл бейнелейтін әлемдегі жалғыз монумент. 

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өңірінің джаз оркестрі музыканттары Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады

Шығармашылық ұжым отандық және шетелдік композиторлардың үздік туындыларын орындады.

Созақ өңірінің әулиелеріне арналған беймәлім күй ұлттық мұралар қорына енеді

Ұлттық өнеріміздің жанашырлары ел аралап, көнекөз қариялардан ескі ән-күй, терме-дастандарды жазып алып жатыр.

Латвия мен Украина саясаттанушылары Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтауда

Жылы лебізін білдіргендер қатарында Латвия саясаткерлері де бар. Өткен жыл Рига мен Астана үшін жемісті болды.

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасының өсімі 4 пайыздан асты

Өнеркәсіп, тау-кен, өңдеу және электрмен қамту сынды салалардың қай-қайсысы ел экономикасын еселеді.

Еуропарламент Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығын мақұлдады

Астанада 2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған келісімге қолдау білдіру үшін 654 депутаттың 511-і дауыс берген.

Ел тәуелсіздігіне – 26 жыл

Бүгін еліміз тәуелсіздіктің 26 жылдығын атап өтуде. 1991 жылы 16 желтоқсан еліміз өз мемлекеттілігін жариялаған болатын.

Барлық жаңалықтар