Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі халықаралық «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі халықаралық «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Үздік картина «Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының» «Тұлпар» сыйлығын жеңіп алды. Биылғы байқауға отандық фильмдерден бөлек, шетелдік кинотуындылар да қатысқан. Бұл шара ауқымының кеңейе бастағанын көрсетеді, - дейді ұйымдастырушылар.

РҮСТЕМ ӘБДІРАШЕВ, КИНОРЕЖИССЕР:

 - Өз елімізде осындай шараның өтіп жатқаны шындап айтсақ, бірінші рет. Өйткені өзіңнің кинода істейтін ұжымдас кәсіби мамандардың беріп жатқан бағасы шынында да адамды қандай болады екен деп алаңдатады. Көңіліміз толқып тұр.

АСАНӘЛІ ӘШІМОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ, АКТЕР:

 - Кино қайраткерлеріне бүгінгі кеш – мейрам. Жақсыларына премия береміз. Бұған өзі әр кинематографист әр уақытта осы «Тұлпарды алуға ұмтылу керек. Бұл – Қазақстанның көлемінде үлкен премия.

Бұл жолғы байқаудағы аталымдар саны артқан. Былтыр сегіз аталым бойынша үздіктер анықталса, биыл «Үздік шетелдік фильм» марапаты қосылыпты. Ұлттық «Тұлпар» сыйлығында бірнеше марапат бойынша жүлделі атанған фильмдер арасында Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы: Алмас қылыш», Ақан Сатаевтың «Аудандар» картинасы бар. Ал, нәубет жылдарын бейнелейтін «Анаға апарар жол» фильмі байқауда топ жарды.

АҚАН САТАЕВ, КИНОРЕЖИССЕР:

 - Шынымды айтсам, аздап ыңғайсызданып тұрмын. Көп рахмет. Бұл біз үшін үлкен баға. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Осы сала мамандарының бағалауы біздің қуанышымызды еселей түсті.

СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ, ЖАЗУШЫ, КИНОСЦЕНАРИСТ:

 - Көрермендердің бәрі де бірауыздан «Алмас қылышты» бұл өте мықты патриоттық фильм деп қабылдады. Қазақ кино академиясы «Тұлпар» атты сыйлығын осы фильмді жасаушыларға  беріп жатыр. Бұларға рахмет дегім келеді.

Кинотуындылар академия мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы сараланды. «Үздік шетелдік фильм» аталымын қырғызстандық «Анамды іздеймін» фильмі иеленді.

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-пен серіктестік: Теңіз кеніші жобасы

Жобаға 3 трлн теңге жұмсалмақ. Нәтижесінде кеніштен алынатын мұнайдың жылдық көлемі 12 млн тоннаға артып, 37 млнға жетеді.

Америкалық сарапшылар Елбасы Н.Назарбаевтың сапары туралы

Еліміз үшін жетекші инвесторлардың бірі АҚШ-пен жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асатын жиырмадан астам келісімге қол қойылды.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев БҰҰ ҚК отырысына қатысты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға шақырды.

«Астана Опера» театры Кувейтте өткен Халықаралық Мәдениет фестиваліне қатысты

Қазақстандық өнерпаздар Кувейт мәдениетінің ордасына айналған Абдулхусейн Абдулрида атындағы театрда өнер көрсетті.

Ұлттық мұражайда «Уақыт пен Астана: Болашақтан кейін» атты заманауи өнер көрмесі ашылды

Көрмеге 25 жоба авторының тырнақалды еңбегі қойылған.

Еліміздегі қасиетті көне мекендерінің тізімі жасалды

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының аясында оған мемлекеттік тарихи маңызы бар 185 жер, өңірлік 500 орын енді.

Барлық жаңалықтар